È

Апта тұсаукесерлері: Теңіздердің қорқынышы

25 мамырдан басталған апта тұсаукесерлері

Басталып кеткен апта кинодағы тұсаукерлерге аса бай бола қоймады. Қазақстандықтарға «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» фильмі арқылы капитан Джек Воробейдің жаңа хикаялары және «Оңтүстік құбыжықтары» кинотаспасындағы салқынқанды оқиғалар ұсынылмақ.

 

«Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.05.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссерлері: Хоаким Роннинг, Эспен Сандберг

Рөлдерде: Джонни Депп, Орландо Блум, Стивен Грэм, Хавьер Бардем, Джеффри Раш

Жанры: шытырман оқиға, фэнтези, комедия, боевик

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Капитан Джек Воробейді қайтадан аңдып жүр. Бұл жолы оның ізіне түсіп жүрген адам жақында ғана Әзәзілдің арбауынан құтылып шыққан капитан Салазар еді. Өз өмірін құтқарып қалу үшін Воробей үш ашалы Посейдонды іздеуге кіріседі. Ежелгі кейіпкер әлемдегі барлық теңізді басқара алатын күшке ие.

 

 

«Оңтүстік құбыжықтары»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.05.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2015

Режиссерлері: Патрик Хорват, Роксанна Бенжамин, Дэвид Брукнер

Рөлдерде: Энесса Ремси, Натадли Лав, Чад Виллелла, Ханна Маркс, Дэйв Джонсон, Кристина Пешич

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильмнің кейіпкерлері – бір-біріне бөтен адамдар: өз әпкесін іздеп жүрген ер адам, жақында ғана жаяу жүргіншіні қағып кеткен алаңғасар жүргізуші, жолда тұрып қалған құрбылар. Оларды достық, туыстық немесе махаббат қарым-қатынасы да байланыстырмайды. Оларды біріктірген жалғыз нәрсе – қалаға төніп келген, ешкімді аямайтын құбыжықтардан құтылып, аман қалу.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

29 мамыр 2017, 21:46

Да было круто. Если не говорить. О тех моментах. Что Видим новые тайны Джека Воробья.

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер