È

Апта тұсаукесерлері: Аңыздарды іздеу

Апта тұсаукесерлері: Вңыздарды іздеу

Көрермендерді осы аптада қызықты фильмдер күтіп тұр. Кішкентай көрермендерден үлкендерге дейін өздеріне қызық фильмдерді тамашалай алады.

«В поисках Дори»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.06.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Эндрю Стэнтон, Энгус МакЛэйн

Рөлдерде: Эллен ДеДженерес, Альберт Брукс, Идрис Эльба, Кейт МакКиннон, Доминик Уэст, Билл Хейдер, Дайан Китон, Кэйтлин Олсон, Эд О’Нил, Тай Бурелл

Жанр: мультфильм, комедия, шытырман оқиға, отбасылық кино

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Есейе келе Дориді мен кіммін, ата-анам кім деген сұрақтар мазалайды. Осы сұрақтарға жауап табуға досына көмектесу үшін Немо әкесі Марлинмен бірге шексіз мұхиттағы қауіпті саяхатқа аттанады.

 

«Пеле: Рождение легенды»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.06.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Джефф Цимбалист, Майкл Цимбалист

Рөлдерде: Винсент Д’Онофрио, Родриго Санторо, Диего Бонета, Колм Мини, Сеу Жоржи, Андре Маттос, Свен Холмберг, Тоня Корнелисс

Жанр: драма, биография, спорт

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Фильм әлемдік футбол жұлдызы Пеле жайлы. Картина авторлары әлемдік футболдың алаңнан тыс кездегі жағдайын көрсетеді. Сондай-ақ атақты футболшының әлемді мойындату үшін қандай қиындықтардан өтуіне тура келгендігі жайында баяндайды.

«Дочь бога»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.06.2016

Елі: АҚШ, 2015

Режиссер: Ги Малик Линтон

Рөлдерде: Киану Ривз, Ана де Армас, Лаура Гомез, Мира Сорвино, Кристофер МакДональд, Исмаэль Круз, Дэнни Хоч, Биг Дэдди Кэйн, Клара Вонг

Жанр: мистика, триллер

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Құдайға шын сенетін қыз бірде түсініксіз бір құбылыстың куәгері болып қалады, сол кезде, діл сол уақытта детектив өлтіріледі. Осы бір жұмбақ түннен кейін Изабель түрлі түсініксіз жағдайларға тап болады. ал қайтыс болған полиция қызметкерінің серіктесі қылмыскерлерді іздестіреді.

«Заклятие 2»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.06.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Джеймс Ван

Рөлдерде: Вера Фармига, Патрик Уилсон, Франка Потенте, Фрэнсис О’Коннор, Робин Аткин Даунс, Мария Дойл Кеннеди, Стерлинг Джеринс, Хавьер Ботет, Саймон МакБерни, Мэдисон Вульф

Жанр: қорқынышты фильм

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Ерлі-зайыпты Уоррен Энфильд қаласына келеді. Бұл жолы медиумдарға қала адамдарының үрей ұялатқан қорқынышты қара күштермен күресуге тура келеді.

 

«Одноклассницы»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.06.2016

Еліа: Ресей, 2016

Режиссер: Дмитрий Суворов

Рөлдерде: Светлана Ходченкова, Екатерина Вилкова, Валентина Мазунина, Ольга Кузьмина, Арарат Кещян, Роман Юнусов, Илья Любимов, Антон Макарский, Денис Косяков, Дмитрий Хрусталев

Жанр: комедия

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Үш қыз Сочиде тұратын дос қыздарының қонаққа барады. Көңілді отрыс қызып жатқан кезде қалыңдық Катя өзінің жігітін басқа қызбен ұстап алады. Үйлену тойы болмай қалмауы үшін қыздар Катяға жаңа күйеужігіт іздейді.

«Человек из будущего»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.06.2016

Елі: Ресей, 2016

Режиссер: Роман Артемьев

Рөлдерде: Александр Числов, Сэсэг Хапсасова, Мария Скорницкая, Дмитрий Блохин, Александр Баширов, Лариса Домаскина, Иван Добронравов, Сергей Бурунов

Жанр: комедия

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Жақын күндері жер бетінде ақыр заман орнайды. Апатқа аз уақыт қалғанда болашақтан Меркурьев атты профессор келеді. Ол кассир қыз Гуляға келіп, оның әлемді құтқаратын адамның анасы болатынын айтады. Қызды да, жалпы адамзатты да өзінің бұл сөзіне сендірген Меркурьев санау кезінде өте үлкен қателік жібергенін түсінеді.

 

«Русалка»

Қазақстандық тұсаукесер:16.06.2016

Елі: Қытай, 2016

Режиссер: Стивен Чоу

В ролях: Чао Ден, Юнь Линь, Шоу Луо, Юки Чжан, Пьер Бурдо, Кэ Бай, Иван Котик

Жанр: фантастика, фэнтези, драма, мелодрама

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Сұлу да, сымбатты Шань есімді русалкаға кәсіпкер Лу Сюаньды өзіне ғашық етіп, "қақпанға" түсіруге тапсырма беріледі. Кәсіпкердің кәсібі теңіздегі тіршілікке кері әсерін тигізеді. Алайда Шань магнатқа шынымен ғашық болып қалады және оны бар күшін салып құтқаруға тырысады.

Ещё по теме:

Премьеры недели: Искусство иллюзии

Премьеры недели: Сказки на ночь

Премьеры недели: Заложники событий

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер