Аптадағы тұсаукесерлер: Көңілді ерулік
Осы аптада «Біз Сандықтауданбыз» отандық комедиясының тұсаукесері болады. Сонымен қатар, экранға «Маймылдар аралы» франшизасының тоғызыншы фильмі, «Жабайы хикая» триллері және түрмедегі күндерді көрсететін «Мағынасыз атыс» таспасы жарыққа шығады. Ең кішкентай көрермендер «Ертеде өмір сүрген мысық» канадалық-жапондық анимациясын тамашалай алады.
«Біз Сандықтауданбыз»
Қазақстандық тұсаукесер: 13.07.2017
Мемлекеті: Қазақстан, 2017
Режиссері: Елена Шестакова
Рөлдерде: Инабат Әбенова, Майра Омар, Дастан Байбосынов, Түймехан Атымтаева, Жанат Чайкина
Жанры: комедия
Жас шектеуі: 12 жасқа дейін
Астаналық табысты кәсіпкердің отбасы мүшелері қоныс тойын тойлауға дайындалуда. Жанұя басшысы отбасылық мерекеге Сандықтау ауылындағы алыс туыстарын шақырады. Алайда, ол бүкіл ауылдың келетінін білмеген еді. осылайша, астаналық пен ауылдық өмірдің байланысуынан қызықты әрі оқыс оқиғалар туындайды.
«Маймылдар аралы. Шайқас»
Қазақстандық тұсаукесер: 13.07.2017
Мемлекеті: АҚШ, 2017
Режиссері: Мэтт Ривз
Рөлдерде: Энди Серкис, Вуди Харрельсон, Карин Коновал, Стив Зан
Жанры: қиял-ғажайып, атыс-шабыс фильмі, триллер
Жас шектеуі: 16 жасқа дейін
Гендік жағынан өзгертілген маймылдармен бір жерде тұратын халыққа үлкен қауіп төніп тұр. Безбүйрек полковник басшылығымен бірнеше адамдар легі маймылдар мен олардың жетекшісін құртуды көздейді. Барлығы эпикалық шайқасты күтеді. Соның нәтижесінде, кімге Жердің тиесілі болатыны белгілі болмақ.
«Мағынасыз атыс»
Қазақстандық тұсаукесер: 13.07.2017
Мемлекеті: АҚШ, 2017
Режиссері: Рик Роман Во
Рөлдерде: Джон Бернтал, Николай Костер-Вальдау, Лэйк Белл
Жанры: триллер, драма, қылмыстық фильм
Жас шектеуі: 18 жасқа дейін
Қауіпті кездейсоқтықтың нәтижесінде басты кейіпкер түрмеге қамалады. Бетонды сұр қабырғалардың ар жағында өзіндік заңдар қалыптасқан: сен оларды құртуға тиіссің немесе сені құртады. Кейіпкер осы тозақта аман қалу үшін күрескер болға ұмтылады.
«Жабайы хикая»
Қазақстандық тұсаукесер: 13.07.2017
Мемлекеті: Испания, Аргентина, 2017
Режиссері: Алекс де ла Иглесиа
Рөлдерде: Бланка Суарес, Марио Касас, Кармен Мачи
Жанры: қорқынышты фильм, триллер, комедия
Жас шектеуі: 18 жасқа дейін
Кофехана қонақтары тұзаққа түсіп қалады. Сыртта тұрған мерген далаға шыққандардың барлығын атып тастайды. Бірақ, таныс емес адамдармен бірге бір ғимаратта қалу да қауіпті. Өйткені, олардың арасында қастық жасайтын адамның болуы да мүмкін ғой.
«Ертеде өмір сүрген мысық»
Қазақстандық тұсаукесер: 13.07.2017
Мемлекеті: Жапония, Канада, 2016
Режиссері: Микинори Сакакибара, Кунихико Юяма
Рөлдерде: Мао Иноуэ, Рёхэй Сидзуки, Норито Ясима
Жанры: мультфильм, комедия, шытырман оқиға
Жас шектеуі: 6 жасқа дейін
Рудольф марғау үлкен қалада адасып кетпей тұрғанда алаңсыз өмір сүрген еді. Рудольф таныс емес көшелермен жүріп, айналасын шошытып жүрген мысықты жолықтырады. Дәл сол мысық марғауды қатал көше өміріне үйретеді.
«Бақа ханшайым: Жұмбақ бөлменің сыры»
Қазақстандық тұсаукесер: 13.07.2017
Мемлекеті: АҚШ, Қытай, 2016
Режиссері: Чан Гуанси, Пэн Фэй
Рөлдерде: Энтони Падилья, Эмбир Чилдерс, Иэн Хэкокс
Жанры: мультфильм, комедия, шытырман оқиға
Жас шектеуі: 6 жасқа дейін
Бақалар Патшалығына қауіп төніп тұр: жауыздар Хрустальды бақаны – тұрғындар олсыз қыстан аман шыға алмайтын тұмарды ұрлап кетеді. Патша тұмарды қайтарып алу үшін арнайы жасақ дайындайды. Солардың арасына құпия түрде оның қызы да еніп кетеді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін