È

Аптадағы тұсаукесерлер: Көңілді жастар

Аптадағы тұсаукесерлер: Көңілді жастар

Бұл апта отандық көрерменге керемет көңіл-күй сыйлауға дайын. Айналымға «Ой, мамочки», «Фантастическая любовь и где ее найти» және отандық «Оралман из Питера» комедиялары жол тартады.

«Фантастическая любовь и где ее найти»

Қазақстандағы тұсаукесер: 13.04.2017

Мемлекет: АҚШ, Ұлыбритания, 2016

Режиссері: Саймон Эбауд

Рөлдерде: Эндрю Скотт, Джессика Браун-Финдли, Шила Хэнкок, Том Уилкинсон

Жанры: комедия, фэнтези, мелодрама

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Белла Браун кітапханада жұмыс істеп жүріп, балалар жазушысы болуды армандайды. Өмірі ойдағыдай өтіп жатқан болатын, тек үй иесінің бақшаға дұрыс қарамағаны үшін үйден қуатынын айтқаны болмаса... Бір қарағанда жаңа гүлдерді отырғызу және ыдыстарын ауыстыру түк те қиын емес сияқты. Бірақ, Белланың өсімдіктер мен фауна десе, үрейі қашатыны бар. Осы кезде оған көмекке көршісі Алфи Стивенсон келеді.

«Оралман из Питера»

Қазақстандағы тұсаукесер: 12.04.2017

Мемлекет: Қазақстан, 2017

Режиссері: Ален Ниязбеков

Рөлдерде: Асан Мәжит, Динара Бақтыбаева, Дәурен Айдарқұлов, Дина Тасболатова, Қуандық Шәкіржанов

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Ауылдық үш музыкант әкімнің бұйрығы бойынша жаңа аспаптар алу үшін қалаға келеді. Бірақ, достардың біреуі қолда бар ақшаны құмар ойынға салып, ұтылып қалады да, онымен қоса ойынханаға қомақты көлемде ақша қарыз болады. Ер азаматтарға тез арада қаржы табу керек, өйткені олардың ізін қылмыс әлемінің беделді адамы аңдып жүреді. Енді олар не істейді екен?

 

«Форсаж 8»

Қазақстандағы тұсаукесер: 13.04.2017

Мемлекет: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Франция, 2017

Режиссері: Феликс Гэри Грей

Рөлдерде: Вин Дизель, Дуэйн Джонсон, Шарлиз Терон, Джейсон Стэйтем, Курт Рассел

Жанры: триллер, қылмыстық, атыс-шыбыс фильмі

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Оқиға кейіпкерлері ақталып шыққаннан кейін қауіпсіз өмір бастауды жөн көреді. Бірақ, жігіттердің ойлағанындай болмайды. Белгісіз бір бойжеткен Домды арбап алып, қылмыс әлеміне итермелейді. Бұрынғы топ жақын достарын бұл былықтан шығарып, жаңа дұшпаннан құтылу үшін қайтадан бас қосады.

 

«Жена смотрителя зоопарка»

Қазақстандағы тұсаукесер: 13.04.2017

Мемлекет: АҚШ, 2017

Режиссері: Ники Каро

Рөлдерде: Йохан Хелденберг, Джессика Честейн, Тимоти Редфорд, Даниэль Брюль

Жанры: өмірбаяндық, драма, соғыс туралы, тарихи

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Оқиға 1939 жылы Варшава зообағы төңірегінде өрбиді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң зообақ босап қалады. Кейбір жануарлар қашып кеткен болса, кейбірін немістер алып кеткен. Зообақ қараушылары Ян мен Антонина босап қалған орындарды еврейлер бас сауғалайтын орынға айналдырады.

«Ой, мамочки»

Қазақстандағы тұсаукесер: 13.04.2017

Мемлекет: Франция, 2017

Режиссері: Ноеми Саглио

Рөлдерде: Ламбер Вильсон, Жюльет Бинош, Стефи Сельма, Камилль Коттен

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмнің басты кейіпкерлері - ұшқалақ Мадо мен оның ақылды қызы Аврил. Нәзік жанды екі ару бір уақытта қызықты жағдайға тап болады. Біріншісі, апа болғандығын аса жақтыра қоймаса, екіншісі жақсы ана бола алмаймын деп ойлайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер