È

Апты тұсаукесерлері: Үміттенетін уақыт

Апты тұсаукесерлері: Үміттенетін уақыт

Осы аптада қазақстандық прокатқа «Я люблю тебя, Ақерке!» фильмі шығады, бұл он екіде бір гұүлі ашылмай өмірден өтіп кеткен Ақерке деген қызға арналған. Сондай-ақ кинотеатрларда «Пазманский дьявол», «Космос между нами», «Звонки», «Суперстюард», «Отпетые напарники», «Голос монстра» фильмдері жүреді.

«Я люблю тебя, Ақерке!»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.02.2017

Елі: Қазақстан, 2016

Режиссерлері: Мейірңм Арғымбаева, Нәзия Назарбек

Рөлдерде: Айсаным Кастеева, Нұрлан Науразбаев, Нәзия Назарбек, Данияр Тұранов, Аяулым Тұрысбекова, Жұлдыз Әлиманова, Санди Госман, Әділет Мәкен, Хәкім Ерғалиев, Абылай Ибрайұлы

Жанр: мелодрама

Фильмнің сюжеті өмірде болған оқиғаға негізделген. Астана, мұнда қазақстанның әр түкпірінен Өнер институтына оқу келген студенттер, олардың әрқайсысының өз арманы бар. Олардың арасында Азамат пен Ақерке де бар еді, олар бір көргеннен бірін бірі ұнатқан. Екеуі бірге қартайғанша бақытты өмір сүргілері келді. Алайда қызға қойылған қорқынышты диагноз олардың армандарының жүзеге асуына кедергі болды. Жастар емге ақша жинап қана қоймай, дертке де қарсы тұра білді.

«Пазманский дьявол»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.02.2017

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Бен Янгер

Рөлдерде: Майлз Теллер, Аарон Экхарт, Кэти Сагал, Киран Хайндс, Тед Левайн, Джордан Гелбер, Аманда Клэйтон, Дэниэл Саули, Кристин Евангелиста, Тина Каскиани

Жанр: драма, биография, спорт

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Жас әрі табысты боксшы Винни Пациенца өз ісінің үздіктерінің бірі болды. Оны Пазман перісі деп атап кеткен болатын. Алайда мұның бәрі апатқа дейін болған жағдай. Аяқ асты болған жол апаты оның өмірін бір секундта түбегейлі өзгертті. лдьяволом. Дәрігерлер Виннидің спортқа оралуы тұрмақ, ешқашан жүре алмайтынын айтты. Бірақ боксшы ештеңеге қарамастан рингке қайта оралмақ.

«Космос между нами»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.02.2017

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Питер Челсом

Рөлдерде: Бритт Робертсон, Гари Олдман, Эйса Баттерфилд, Джанет Монтгомери, Карла Гуджино, Б.Д. Вонг, Колин Эглсфилд, Лора Каннингэм, Сара Минник, Питер Челс

Жанр: фантастика, драма, мелодрама, шытырман оқиға

Жасына қарай шектеу: 14 жасқа дейін

Ғарыш кемесі Марсқа аттанады, бортында жүкті әйел бар. Кеме қонғаннан кейін әйел қайтыс болады, оның сәбиі астронавтардың қолында қалады. Тіршіліксіз ғаламшарда алғашқы адам туылды, оның әкесінің кім екені беймәлім. Гарднер Эллиот атты бала 14 адамның ортасында өсті. Өсе келе Гарднер өзінің әкесі кім екенін, Жер деген не екенін білгісі келді, өйткені ол әкесін де, жерді де ешқашан көрмеген еді. Жасөспірім Колорадо тұратын Тульса есімді қызбен араласа бастайды. Бала Жердегі қызықты ал қыз ғарышты көруді армандайтын. Сонымен олардың арманы орындалатын жағдай туады. Ғалымдар Гарднердің ішкі ағзасы басқа атмосфераға бейімделе алмайтынын анықтайды. өздерінің мақсаттарына жету үшін жасөспірімдер ғаррыш өкілдеріне қашуға мәжбүр болады.

«Звонки»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.02.2017

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Ф. Хавьер Гутьеррес

Рөлдерде: Эйми Тигарден, Винсент Д’Онофрио, Лиззи Брошере, Джонни Галэки, Лаура Уиггинс, Зак Рериг, Алекс Роу, Бонни Морган, Джилл Джейн Клементс, Брэндон Ларракуэнте

Жанр: қорқынышты фильм, драма

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Жас жігіт құпия видеокассетаға қызығушылық танытады, алайда оны көрген сң ол 7 күннен соң өлуі мүмкін. жігітті құтқару үшін соққыны қыз өзіне қабылдайды. 7 күннің ішінде оның басынан түрлі жағдай өтеді, бұл жағдайлар эаныңды жай таптырмайды.

«Суперстюард»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.02.2017

Елі: АҚШ, 2015

Режиссер: Сэм Фридлендер

Рөлдерде: Марк Фойерстин, Джессика Лаундс, Стэнли Туччи, Кристофер Фицджералд, Тэй Диггз, Молли Миллард, Дэнни Пуди, Майкл Коттер, Стэйси Робертс, Кенни Эллис

Жанр: комедия

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Стюард Ларри әйелдердің назарына ілінгіш. Оның әуедегі романдарына кез келген еркек қызығарлықтай. Алайда бір күні бәрі бітеді, әуе компаниясының басшылығы борт серіктер мен әдемі стюардессаларды жасанды интеллектілерге айырбастауды ұйғарады. Бұл жағдай Ларриге ұнамайды, ол дамыған өркениетке қарсы шығып, роботтармен күреске кіріседі.

«Отпетые напарники»

Қазақстандық түһұсаукесер: 02.02.2017

Елі: Қытай, Гонконг, АҚШ, 2016

Режиссер: Ренни Харлин

Рөлдерде: Джеки Чан, Джонни Ноксвил, Бинбин Фань, Эрик Цан, Ив Торрес, Уинстон Чао, Ён Джон-хун, Ши Ши, Майкл Вон, Дилан Ко

Жанр: боевик, триллер, комедия, криминал, шытырман оқиға

Жасына қарай шектеу: 14 жасқа дейін

Әділетті полиция қызметкері қылмыстық топты залалсыздандырып, туыс қарындасын құтқарут үшін өзіне келбетті алаяқты серік етіп алуға мәжбүр болады. Оларды қауіпті іс күтіп тұр, егер бір-біріне қарама-қарсы жанджар тіл табыса алса, істері сәтті болмақ.

«Голос монстра»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.02.2017

Елі: АҚШ, Испания, 2016

Режиссер: Хуан Антонио Байона

Рөлдерде: Льюис МакДугалл, Сигурни Уивер, Фелисити Джонс, Тоби Кеббелл, Бен Моор, Джеймс Мелвилл, Оливер Стир, Доминик Бойл, Дженнифер Лим, Макс Габбей

Жанр: фэнтези, драма

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Қиын сәттерде Коннор есімді баланың қиялында терезенң түсіндегі көне ағаш тіріліп, алып құбыжыққа айналады. Құбыжық Коннорға кез келген қиын жағдайда адам бар кұшін жинап, мықты юболуға тырысу керектігін түсіндіреді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер