È

Аптадағы тұсаукесерлер: Ересектерге арналған ойындар

11 қаңтардан басталған апта тұсаукесерлері

Осы аптада Морган Фриман «Барлығы енді басталады» комедиясында батпаққа белшесінен батпауға тырысады, «Қалауларыңнан сескен» фильмінде көне қобдиша қанды шайқастың себепкері болады, ал «Сламбер: Түс лабиринттері» хоррорында жас отбасы ібілістің арбауына түседі. Осы және басқа да қызықты хикаялар +16 жастан асқан отандық көрермендерге арналады.


«Барлығы енді басталады»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.01.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Рон Шелтон

Рөлдерде: Гленн Хедли, Рене Руссо, Морган Фриман, Томми Ли Джонс

Жанры: комедия, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Дюк куәгерлерді қорғау бағдарламасына тап болады да, Капри вилласына жіберіледі. Бұрынғы адвокат бұл жақта патшаға айналады, оны барлығы жақсы көреді, сыйлайды. Кейін виллаға белгісіз Лео келеді. Ол келген соң Дюктің өмірі астан-кестең болады.

 

«Бахубали: Аңыздың туындауы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.01.2018

Мемлекеті: Үндістан, 2017

Режиссері: Срисайла Шри Раджамули

Рөлдерде: Рана Даггубати, Анушка Шетти, Рамья Кришна

Жанры: фэнтези, атыс-шабыс, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Шивуду ханзада отбасының асырап алғанын біліп қояды. Ол өзінің түп-тамырын зерттеу мақсатында қауіпті саяхатқа аттанады. Шивуду таяуда бар құпияны біліп, өмірін түбегейлі өзгертеді.

 

«Қалауларыңнан сескен»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.01.2018

Мемлекеті: Канада, АҚШ, 2017

Режиссері: Джон Роберт Леонетти

Рөлдерде: Джои Кинг, Райан Филипп, Ли Ги-хон, Сидни Парк

Жанры: қорқынышты фильм, триллер, фэнтези

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жуас Клэр армандарды орындайтын құпия қобдиша тауып алады. Тағдырдың тосын сыйына қызығып кеткен бойжеткен қобдишаның қайтарымы болатынын сезбеген еді.

 

«Үлкен ойын»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.01.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Аарон Соркин

Рөлдерде: Джесика Честейн, Идрис Эльба, Кевин Костнер, Майкл Сера

Жанры: драма, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм шынайы оқиғаларға негізделген. Заңсыз үлкен ойынхана салған Молли Блумды «покер ханшайымы» деп атап кеткен. Бұл жерге шоу-бизнес жұлдыздары, миллиардерлер мен шейхтер келген. Қомақты қаражат пен табыс билік өкілдерінің назарын аудартады, сондықтан барлығы Блумның ізіне түседі.

 

«Сламбер: Түс лабиринттері»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.01.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, АҚШ, 2017

Режиссері: Джонатан Хопкинс

Рөлдерде: Мэгги Кью, Хонор Книфси, Уилл Кемп, Кристен Буш

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Элис – нейробиология мамандығын зерттеп жүрген дәрігер. Ол соңғы жылдары түсті зерттеп жүр. Элиске қорқынышты түс көріп жүрген отбасы көмек сұрап келеді. Дәрігер зерттеу барысында қыздың қауіпті әрі түсініксіз жағдайға тап болғанын біледі.

«Соңғы портрет»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.01.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссері: Стэнли Туччи

Рөлдерде: Арми Хаммер, Джеффри Раш, Клеманс Поэзи, Тони Шэлуб

Жанры: драма, өмірбаян, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Суретші Альберто Джакометти туралы өмірбаяндық фильм. Оған сыншы Джеймс Лордтың портретін салуды ұсынады. Бірақ, екі апталық жұмыстан соң да портрет дайын болмайды.

 

«Санта және оның тобы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.12.2017

Мемлекеттері: Франция, Бельгия, 2017

Режиссері: Ален Шаба

Рөлдерде: Ален Шаба, Пио Мармай, Одри Тоту, Луиз Шаба

Жанры: комедия, отбасылық

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Рождестволық эльфтер суық тиіп, ауырып қалмай тұрғанда, ең маңызды күнге дайындық қызу жүріп жатқан болатын. Санта Клаус дәрі алып келу үшін Жерге барады. Адамдар арасына тап болған Санта адамгершілік, қулық, достық пен екіжүзділіктің куәсі болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер