È

Аптадағы тұсаукесерлер: Қараңғылыққа бет бұр

19 шілдеден басталатын апта тұсаукесерлері

Осы аптада қазақстандықтарды қорқынышты жанрдағы фильмдер мен триллер күтеді. Көрермендерді «Паранормалды» американдық хорроры, «Тірі қалғандар» ақырзаманнан кейінгі француз фильмі және қанды шайқас жайлы «Кеңседегі былық» картинасы қорқытпақ.

 

«Паранормалды»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.07.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Джастин Бенсон, Аарон Мурхед

Рөлдерде: Калли Эрнандес, Джастин Бенсон, Эмили Монтегью, Лью Темпл

Жанры: қорқынышты фильм, қиял-ғажайып

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ағайынды Аарон мен Джастин бала күндерінде ақырзаман сектасынан қашып кетіп, жаңа өмір бастайды. 10 жыл өткен соң жігіттер діндегі ескі достарының хал жағдайын біліп қайту өтініші жазылған кассетаны алады. Аарон мен Джастин баруды ұйғарады, бірақ лагерьге келген соң, қауіпті тұзаққа түсіп қалғандарын түсінеді.

 

«Миллиардерлер клубы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.07.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Джеймс Кокс

Рөлдерде: Тэрон Эджертон, Эмма Робертс, Кевин Спейси, Билли Лурд, Энсел Элгорт

Жанры: триллер, драма

Жас шектеуі: 17 жасқа дейін

Хикаяда 4 миллиард долларға тұратын сәтті келісім жасауға тырысқан кәсіпкерлер баяндалады. Бірақ, келісім-шартқа қол қойылған соң, азаматтар тура тұмсықтарының алдынан компанияның соңғы жинағын ұрлап әкеткендерін түсінеді. Алаяқтарды қолға түсіріп, ақшаны қайтару үшін кейіпкерлер қауіпті қадамға барады. Миллиардтың артынан еру неге апарып соғады екен?

 

«Килиманджара»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.07.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Екатерина Телегина

Рөлдерде: Павел Прилучный, Ирина Старшенбаум, Таир Иманов, Артем Сучков

Жанры: комедия, шытырман

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Марусяның көптен күткен тойы болмай қалды, себебі күйеу жігіт келмеді. Жігітімен байланысуға тырысқан қалыңдық оның із-түзсіз жоғалып кеткенін түсінеді. Жігітті тауып, оған жалғыз ғана сұрақ: «Неге өзін тастап кеткенін» сұрау үшін Маруся достарымен бірге жігіттің туған қаласы Бакуге аттанады. Бірақ, жауаптың орнына, бойжеткен шытырман оқиғаларға тап болады.

 

«Кеңседегі былық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.07.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Лин Одинг

Рөлдерде: Брентон Туэйтс, Джейн Леви, Каран Сони, Закари Ливай

Жанры: комедия, қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Ірі фирманың директоры қарамағындағы қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін оларға энергетик ұсынады. Күмәнді сусыннан кейін қызметкерлер өте белсенді және ашушаң бола бастайды. Кешігіп келген менеджер болған жағдайға таң қалады: барлық жерде қан және әріптестерінің мәйіті жатыр, ал тірі қалғандар оның өзіне тап береді. Жігіт дереу кеңседен шығып кетуі тиіс!

 

«Зои»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.07.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Дрейк Доримус

Рөлдерде: Леа Сейду, Рашида Джонс, Тео Джеймс, Миранда Отто

Жанры: қиял-ғажайып, мелодрама

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ғалымдар Зои мен Коул адамзатты жалғыздықтан құтқару үшін мінсіз романтикалық жұптарды жасаумен айналысады. Әр тәжірибе сайын олар алға жылжып, керемет табысқа жетуге тырысады. Кенеттен бір нәрсе ойдағыдай болмай қалады да, ғалымдар өз тәжірибелерінің құрбанына айналады.

 

«Тірі қалғандар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 19.07.2018

Мемлекеті: Франция, 2017

Режиссері: Матьё Тури

Рөлдерде: Бриттани Эшворт, Грегори Фетусси, Хавьер Ботет, Джей Бенедикт

Жанры: қорқынышты фильм, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ақырзаманнан кейін жерде жасырынып үлгерген адамдар қалды, олар – Тірі қалғандар. Олардың қандай жаратылыс екені белгісіз, бірақ олар үшін адамдар олжа ғана. Лагерьге тағам табу үшін Джульет көрші қалашыққа аттанады. Бірақ, жолда бойжеткен көлік апатына ұшырайды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер