È

Аптадағы тұсаукесерлер: Заңға қайшы әйелдер

21 маусымнан басталған апта тұсаукесерлері

Кең экранға «Оушеннің 8 құрбысы» қылмыстық картинасы асығуда, ұстатпайтын алаяқтар образында Кейт Бланшетт, Сандра Буллок, Энн Хэтэуэй, Сара Полсон және Рианна төбе көрсетеді. Сонымен қатар, Джеймс Франконың «Болашақ әлемі» таспасындағы фантастикалық хикаялары мен «Қашу жоспары 2» фильміндегі Сильвестр Сталлоненің түрмеден қашу амалдары көрермен назарына тұрарлық. Осы аптада көрермендерге барлығы 10 киножаңалық ұсынылады.

 

«Оушеннің 8 құрбысы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.06.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Гэри Росс

Рөлдерде: Сандра Буллок, Кейт Бланшетт, Энн Хэтэуэй, Минди Кейлинг, Сара Полсон, Рианна

Жанры: қылмыстық, триллер, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Дебби Оушен метрополитен-мұражайды тонау жоспарын 5 жыл бойы жасады! Алайда, мінсіз жоспар – жарты іс. Оны тағы да мінсіз атқару керек қой. Дебби барлығының көз алдында құны 150 миллион доллар тұратын гауһар тастарды ұрлау үшін үздік кәсіби мамандарды жинайды.

 

«Болашақ әлемі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.06.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссерлері: Джеймс Франко, Брюс Тьерри Чунг

Рөлдерде: Джеймс Франко, Сьюки Уотерхаус, Джеффри Уолберг, Снуп Догг

Жанры: фантастика

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Оқиға ақырзаманнан кейінгі әлемде болған. Ер азамат анасын құтқару үшін қауіпті саяхатқа аттанады. Ол әлемдегі ең жақын адамның өмірін сақтап қалатын дәріні қалай да табуы тиіс.

 

«Хот-дог»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.06.2018

Мемлекеті: Германия, 2018

Режиссері: Торстен Кюнстлер

Рөлдерде: Тиль Швайгер, Энн Шефер, Лиза Томашевски, Хайно Ферх

Жанры: атыс-шабыс фильмі, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Бүлікші жедел қызметкерге әрбір қадамын қатаң нұсқаумен ғана басатын жас полицей серіктес болады. Кезекті тапсырма барысында екеуі қарым-қатынастарын ретке келтіріп жүрген кезде, Еуропа елдерінің біріндегі президенттің қызын ұрлап әкетеді. Кейіпкерлер қателікті түзеуге кіріседі. Бірақ, қызметке деген қадам екі түрлі болса, табысқа жету мүмкін бе?

 

«Құбыжық туралы аңыз. Ымырт»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.06.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Фридрих Боэм

Рөлдерде: Лив Тайлер, Бел Паули, Брэд Дуриф, Джеймс ЛеГрос, Трой Раптеш

Жанры: қорқынышты фильм, фэнтези

Жас шектеуі: 17 жасқа дейін

Шериф тауып алмағанша, Анна 16 жыл бойы өркениеттен алыс жерде, лашықта өмір сүрді. Жарыққа шыққан бойжеткен өзінің түп-тамыры туралы құпияны білуге тырысады. Бір кездері әкесі қорқынышты құбыжықтар туралы аңыз айтқан болатын. Анна өзін сол құбыжықтармен байланысым бар деп ойлайды.

 

«Түнгі ауысым»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.06.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Марюс Вайсберг

Рөлдерде: Владимир Яглыч, Павел Деревянко, Ксения Теплова, Наталья Бардо

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Максты зауыттан шығарып жібереді. Отбасын асырау үшін ол стриптиз көрсетуші болып жұмысқа орналасады. Бірақ, еркек болған жағдай туралы әйеліне айта алмайды, сондықтан жаңа жұмысын құпия сақтап жүреді. Макс күнде қызықты әрі біртүрлі оқиғаларды бастан кешеді.

 

«Қашу жоспары 2»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.06.2018

Мемлекеттері: Қытай, АҚШ, 2018

Режиссері: Стивен С. Миллер

Рөлдерде: Сильвестр Сталлоне, Дэйв Батиста, Хуан Сяомин, Джесси Меткалф, Фифти Сент

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Рэй Бреслин – таңғажайып логика мен эрудициясы бар адам. Ол АҚШ түрмелерінің орнықтығын тексеретін тәуелсіз күзет жүйесінде жұмыс істейді. Рэйге тапсырма жүктелді – аса қауіпті қылмыскерлерге арналған «Табыт» түрмесін құпия коммерциялық түрде тексеру. Кейіпкер қаша ала ма?

 

«Қоштаспаймыз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.06.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Павел Дроздов

Рөлдерде: Андрей Мерзликин, Алена Чехова, Артур Ваха, Анатолий Гущин, Егор Бероев

Жанры: әскери, драма

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Қырық бірінші жыл. Қазан. Неміс жауынгерлері Калининге (Тверь) басып кірді. Жергілікті тұрғындар қаланы қорғауға шығады, бірақ олар жауды жеңуге қауқарсыз. Сәтті қарсыласудың жалғыз мүмкіндігі – жақында қалаға келуі тиіс бесінші атқыштар дивизиясының эшелоны.

 

«Әзәзілдің панасы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.06.2018

Мемлекеттері: Мексика, Чили, 2017

Режиссері: Гильермо Амоедо

Рөлдерде: Мария Эволи, Ванесса Рестрепо, Карла Аделл, Шира Барзилай

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Тонаушылар сенатордың жекежайына басып кіреді. Бір таң қаларлығы, үйде күзет болмай шығады да, тонаушылар лезде сейфтегі дүниенің барлығын алып алады, ал қайтар кезде жертөлеге де кіре кетеді. Кейіпкерлер бөлмеден байланып тұрған, әбден ұрып-соғылған жасөсіпірім қызды байқайды. Қызды босатқан соң, олар нағыз әзәзілді бостандыққа жібергендерін сезбейді.

«Факирдың ғажайып хикаялары»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.06.2018

Мемлекеттері: Франция, АҚШ, Бельгия, Сингапур, Үндістан, 2018

Режиссері: Кен Скотт

Рөлдерде: Дхануш, Беренис Бежо, Эрин Мориарти, Баркхад Абди

Жанры: комедия, шытырман

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Аджаташатру – алаяқ, ол өтірік балгер болып жүріп, ауылдағылардан ақша жинап алып, Парижге аттанады. Белгілі бір жағдайларға орай, кейіпкер шкафтың ішіне қамалып қалады. Махаббат қаласына жасаған саяхаты түрлі қызықты хикаяларға толы Еуропа бойымен саяхатқа ұласады.

 

«Фобия»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.06.2018

Мемлекеті: Норвегия, 2017

Режиссері: Карл Кристиан Рабе

Рөлдерде: Синневе Макоди Лунд, Эбба Стинстрап, Кен Ведсегор

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Әкесін жерлеген соң, Кэтрин ескі отбасылық үйге көшіп келеді. Бойжеткен оны жөндеп, жаңартып, сатылымға шығаруды ойлайды. Кэтрин жекежайдың тарихымен танысып, оның көптеген адамдардың жоғалуымен байланысты екенін байқайды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер