È

«Три лимона» фильмінің түсірілімі уақытша тоқтатылды

«Три лимона» фильмінің түсірілімі уақытша тоқтатылды

«Три лимона» комедиялық фильмінің түсіру тобы жол-көлік апатына ұшырады. Көлік апаты бүгін Алматыдағы Абылайхан даңғылында болған.

«Басқа көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай біздің техника тиеген жүк көлігімізге келіп соғылды», - дейді картинаның атқарушы продюсері Айдай Жамбоева.

Жолда болған оқыс жағдайға орай түсірілім үш сағатқа тоқтатылған.

Атқарушы продюсердің айтуынша, жол-көлік апатында зардап шеккендер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, «Три лимона» деп аталатын толықметражды фильмнің түсірілімі басталған болатын. Картинаның режиссеры Нұрлан Мамакеев. Басты рөлдерде Динара Бақтыбаева («Зәуре»), Дастен Шәкіров («Рэкетир 2: Возмездие»), Фархат Абдраимов («Адалиты. Одни из нас»), Руслан Висингериев («Таксист Русик»).

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер