«Трансформерлердің» жалғасы Paramount-тың 2019 жылғы тұсаукесерлер тізімінен шығып қалды
«Трансформерлердің» жалғасы Paramount-тың 2019 жылғы тұсаукесерлер тізімінен шығып қалды, бұл туралы студияның ресми өкілдері бүгін хабарлады. Енді «Бамблби» Paramount кестесіндегі жалғыз блокбастер. «Трансформерлер: Соңғы сарбаз» сиквелінің экранға шығу уақыты 2019 жылдың 28 маусымына жоспарланған еді.
Былтырғы жылы «Соңғы сарбаз» әлемдік айналымда сәтсіздікке ұшырап, осы франшизаның барлық бөліміндегі ең төменгі касса жинаған, яғни 217 миллион өндірістік шығынымен 605 миллион долларға ғана ие болды. «Трансформерлер» жарыққа шығып, танымал болғандығы үшін режиссер Майкл Бэйге қарыздар, себебі ол хикаяны классикалық Hasbro ойыншықтар желісі негізінде түсірген. Бұл жоба Paramount-тың былтыр қайтыс болған марқұм бас директоры Брэд Грейдің сүйікті баласы секілді болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін