È

«Трансформерлер: Соңғы сарбаз» картинасы Қазақстандағы кассалық жинақ бойынша үш жүз миллион теңгеге сәл ғана жетпей қалды

22-25 маусым аралығындағы кассалық жинақ

Өткен апта бұрынғы үздіктерді ығыстырып, жеңісті «Трансформерлер: Соңғы сарбаз» фильміне берді. Айналымның екінші аптасында картиналардың табысы қанша есеге төмендегенін, киножаңалықтардың қандай табысқа ие болғандығын Қазақстандағы кассалық жинаққа арналған материалдан оқыңыздар.

Өткен аптада «Трансформерлер: Соңғы сарбаз» кинофантастикасы үздік атанды, ол алғашқы демалыста 294 500 000 теңге жинап үлгерген. Фильмнің АҚШ-тағы табысы алдыңғы таспаларға қарағанда аз болып қалды. Бесінші бөлімі бар-жоғы 45 миллион доллар пайда тапты. Дегенмен, авторлар қаймықпайды. Өйткені, картина әлемдік айналымда 260 миллион доллардан астам қаржы жинады. Бұл 200 миллион долларға тең фильм бюджетінен асып түсті. Режиссер Майкл Бэй «Трансформерлер: Соңғы сарбаз» жобасын франшизамен соңғы жұмысы екендігін атап өтті. Кинематографшы алдыңғы төрт бөлімге продюсерлік етіп, түсірген болатын.

Айналымның екінші аптасында «Көліктер 3» мультфильмі 87 503 000 теңге көлемінде пайда тапты. Картина АҚШ-та бірінші орыннан үшінші орынға түсіп қалды, яғни жинағын 50 миллион доллардан 24 миллионға кемітті. Әлем бойынша жалпы кассалық жинағы 140 миллион долларды құрады. Бірақ, әзірге картинаның 175 миллион долларға тең бюджетінен аса қоймады. анимация бойынша бейнеойындарды жасаумен «Warner Bros. Interactive Entertainment» компаниясы айналысуда, ол 2016 жылы «Avalanche Software-тан» құқықты сатып алған еді.

«Көліктер 3» фильмінен көрініс

Үшінші орынға 66 248 000 теңге көлеміндегі жинағымен «Мумия» фильмі жайғасты. Америкада кинотаспа 6 миллион доллардан астам қаржы жинады, ал әлемдік жинағы 340 миллион доллардан асты. Осылайша, бюджетінен үш есеге асып түсті. Картина мумияны әйел сомдайтын франшизаның бірінші бөлімі болды.

Айналым үздіктерінің қатарында «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» картинасы тұр. Фильм төртінші аптада 34 463 000 теңге жинады. Капитан Джек Воробейдің жаңа хикаяларын өз отанында 5 миллион долларға бағалады. Кірістің төмендегеніне қарамастан, франшиза кассаны 600 миллион долларға толтырып үлгерді. Осылайша, 230 миллион долларға бар шығынның орнын толтырды.

«Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» фильмінен көрініс

Екінші демалыс «Өте жаман қыздар» комедиялық таспасына сәтті бола қоймады. Фильм 22 620 000 теңге көлемінде пайда тапты, бірақ үздік бестікке ілініп үлгерді. Ал Америкалық көрермен фильмге 4 миллион долларға жуық қаржы берген. Комедия әлем бойынша 24 000 000 доллар жинады. Люсия Аньелло жазған сценарий 2015 жылы үздік экрандалмаған жобалардың «Қара тізіміне» енген. Сценарий авторы 2016 жылдың тамызында режиссерлік орынға жайғасып, түсірілімге кірісіп кетті.

«Ғажайып-әйел» кинотаспасы төртінші орыннан алтыншыға жайғасты. Ол бар-жоғы 18 096 000 теңге жинады. Картина АҚШ-та 24 миллион доллар жинап, екінші орынға жайғасты. Қазіргі таңда әлемдік жинағы 654 000 000 долларға тең. Бұл көрсеткіш «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» картинасының жалпы кірісінен (600 миллион доллар) асып түсті. Фильмде ғажайып-әйел Зевстің қызы, жартылай құдай болып таныстырылған.

«Ғажайып-әйел» фильмінен көрініс

Өткен демалыстағы жаңалықтардың бірі «Суық танго» ресейлік драмасы болды. Өкінішке қарай, картина отандық көрермендерді аса қызықтыра қоймады. Осылайша, бар-жоғы 5 464 000 теңге жинаған. Фильм режиссер Павел Чухрайдың сталиндік кезең туралы трилогиясының соңғы бөлімі болып табылады. Алдыңғы картиналары - «Ұры» (1997) және «Вераға арналған жүргізуші» (2004).

Сонымен қатар, «Осы ғалам» америкалық драмасы да көрерменнің көңілінен шықпады. Таспа екінші демалыста 4 446 000 теңге жинады. Фильм қоржынында барлығы 20 386 350 теңге бар. Ал әлемдік жинағы 42 миллион долларды құрайды. Алғашында картина 2017 жылдың тамыз айында жарыққа шығады деп жоспарланған, бірақ кейіннен мамыр айына ауыстырылды.

Өткен аптада жеңіліс тапқандардың арасында келесі фильмдер бар: «Мәңгі жас» - 1 568 000 теңге және «Антропоид» - 1 496 000 теңге.

* Материал Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер