È

«Женатики» сериалының продюсерлері жоба туралы әңгімелеп берді

«Женатики» сериалының продюсерлері жоба туралы әңгімелеп берді

«Наша KZаша», «KZландия» скетчкомдардың, «Городские легенды» сериалының авторлары тағы да «Женатики» секілді комедиялық жобаны түсіруге күш салып көрді. Бәріне танымал шығармашылық дуэт Сәбит Рахимбаев пен Даут Шайхисламов көрермендерге әзілдің тағы бір парасы мен жақсы көңіл-күй сыйламақ.

«Городские легенды» сериалының жоғары рейтингісінен кейін және «31 арна» өтінішімен біз тағы бір комедиялық сериал түсрідік, онда «Городские легенды» сериалындағы жарқын кейіпкерлерді алдық, мұнда оларды үйлендірдік. Жаңа сериалда кейіпкерлердің отбасылары бар. кейіпкерлер ылғи да келеңсіз жағдайларға тап болып, бастарына бәле тауып алып жүреді. Жоба сәтті шығады деп үміттенеміз, егер сәтті шықса, толық метр түсіру ойымызда бар», - дейді продюсер және актер Сабит Рахимбаев.

Сценарийімен жұмыс істеген Сәбит Рахимбаев, Әуез Әуезов және Әзім Саидбаев. басты персонаждар төрт дос: үлгілі отағасы Ермек (Сәбит Рахимбаев), құмар ойындарға құма және екі қыздың әкесіАйбын (Нұрдәулет Шертім), амбициялы Вага (Әзім Саидбаев) және әйелдердің назарына ілінгенді жақсы көретін Тимур (Даут Шайхисламов).

«Мен көрермендердің пікірі жақсы болады деп сенемін. Оның үстіне сериалмен оператор Сәбит Семетаеа және режиссер Санжар Омаров, өз істерінің шеберлері жұмыс істеді. Біздің шығармашылық бірлестіктің жұмысы жемісті болады деп үміттенеміз. Біз, әрине, жаңа велосипед ойлап тапқан жоқпыз, бірақ біз оқиғаны барынша әсерлі, көңілді, тәрбиелік мәні бар етіп жеткізуге тырыстық», - дейді Даут Шайхисламов.

Сондай-ақ продюсерлер өздерінен көрермен толық метр күтіп отырғанын айтып өтті. Олардың айтуынша, қазір сценарий жазылып жатқан көрінеді.

«31 арна» эфирінде көпсериялы фильм наурыз айында шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер