Saryarka Short Film Festival кинофестивалінің бағдарламасы
18 желтоқсанда Астанада алғаш рет Saryarka short film festival қысқаметржады фильмдердің жастарға арналған кинофестивалі өтеді. Фестиваль аясында байқау бағдарламасына жас кинемотографистердің 23, бағдарламадан тыс 4 картинасы көрсетілді. Барлығы 63 өтініш түскен. Олардың 18-і - I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды фильмдер фестивалінің қатысушылары.
«Дайыр» фильмінен кадр
Үздік фильм үшін келесі картиналар бақ сынайды
| Едоки картофеля | Шәрипа Оразбаева |
| Escape | Медет Шаяхметов |
| Майлыбайдағы оқиға | Самғар Рахым |
| Инсигне Мортем | Әсел Орынтаева |
| Враги | Олжас Ермекбаев |
| Хлоп-топ | Алдияр Байракимов Венера Каиржанова |
| 1038 | Туран Баянов |
| Скептик | Казыбек Рахманов |
| Супермент | Саят Ахметшарип |
| Воспоминания мистера Х | Дәулет Құсаинов |
| Актер | Қазбек Рүстембеков |
| PRIVATION | Нығмет Айбек |
| Маршрут | Дархан Төлегенов |
| Step Forward (Шаг Вперед) | Санжар Бекжанов |
| Дочь чабана | Арман Бектурганов |
| Кролик | Айдана Сыдықбекова |
| Айжан | ОлжасТайгелов |
| The joke | Олжас Нұрбаев |
| 40 | Арын Сүлеев |
| Ночная история | Надир Сарышаян |
| Дайыр | Жандос Жобалай |
| Вчерашний день | Еламан Шаубанов |
| Обыкновенный человек | Ольга Коротько |
Байқаудан тыс бағдарламада Дархан Төлегеновтың «Луч утренней зари», Ратмир Назаровтың «Любовь», Ольга Коротьконың «Голубь на крыше» және Берік Жахановтың «Еркек» фильмдері көрсетіледі.
Saryarka SFF фестивалінің шымылдығын Мадина Беспаеваның «Сүйінші» фильмі ашады. Картина VI «Бастау» ХКФ «Үздік деректі фильм» және «Навcоз» ХКФ «Үздік режиссура» номинацияларын жеңіп алған.
«Escape» фильмінен кадр
жеңімпаздарды кинотанушы Бауыржан Нөгербек төррағалық ететін қазылар алқасы анықтайды. қазылар алқасының мүшелері режиссер әрі сценарист Тәуекел Сламбек, кинооператор Әубакір Сүлеев, кинотанушы Назира Мұқышева, режиссер Алма Өтекешева, кинотанушы Инна Смаилова, режиссер әрі сценарист Фархат Шарипов, актер Ануар Нүрпеисов. Олар жеңімпаздарды келесі номинациялар бойынша анықтайды: «Гран-при», «Үздік режиссер», «Үздік әйел адам рөлі», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік оператор», «Үздік сценарий» және «Көрермен көзайымы».







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін