È

«Q-елі» бесінші маусымы «Жетінші арнадан» көрсетіледі

«Q-елі» бесінші маусымы «Жетінші арнадан» көрсетіледі

2 желтоқсаннан бастап «Жетінші арнадан» көрермендердің сүйікті «Q-елі» скетчкомының жаңа маусымы көрсетіледі. Жобаның бас продюсері әрі режиссері - Мақсат Мамрайымов.

«Q-елі» - әр аймақтағы қазақстандықтардың күнделікті өмірлік тұрмысын мысқылдап, әзілдеп көрсететін скетчком.

«Жаңа актерлар мен жаңа кейіпкерлер болады, бірақ «Q-елі» бірінші маусымның дәстүрінде қалады. Осы маусымның мақсаты – жаңа кейіпкерлерді көрсету, көрермендерімізді жанымызда тұратын кейіпкерлермен таныстыру, ол өзіміз де болуымыз мүмкін», - деді Мақсат Мамрайымов.

Instagram-дағы tv7_kz жеке парақшасынан
Instagram-дағы tv7_kz жеке парақшасынан

Көрермендер бесінші маусымнан асабаны көреді, ол өзінің дарынсыздығына қарамастан, той жүргізуге талпынады. Әр адам өзінен заңға қарсы шығатын Тоқтасынды көруі мүмкін. Сонымен қатар, қазақстандықтар әке мен қызының арасындағы жылы қарым-қатынастың куәсі болады. Сондай-ақ, 2050 жылға сапар шегуге болады, ол жақта оқушылар біздің кезіміздегі Қазақстан тарихынан тест тапсырады.

«Q-елі» жаңа эпизодтарының сценаристері Асқат Мұратбекұлы, Дидар Советбеков болды. Қоюшы-операторы - Шыңғыс Ақбаев.

Скетчкомның бесінші маусымын «Жетінші арнадан» 2 желтоқсаннан бастап Астана уақытымен сағат 20:30-да көруге болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер