È

Qazaqstan «№7 бөлімше» хикаясын жарнамалады

Qazaqstan «№7 бөлімше» хикаясын жарнамалады

Qazaqstan телеарнасы «№7 бөлімше» атты хикаяны шығаруға дайындық үстінде. Қылмыстық драманың алғашқы бөлімі 17-ші және 18-ші наурыз күндері эфирге шығады.

Сюжеттің негізінде құқық қорғау ұйымында жұмыс істейтін Ерлан және Самат атты ағайындылар жайлы баяндалады. Ағайындылар қауіпті қылмысқа қатысты қылмыскерлерді іздестірумен қатар, әкелерінің өліміне қатысты тергеу ісін де жүргізеді. Шындықты анықтау барысында кейіпкерлердің күші мен төзімі сынға түседі.

Бас кейіпкерлерді өмірдегі шынайы бауырлар және кәсіби актерлар Сәбит және Ғабит Мұстафа сомдады. Қалған рөлдерді Арай Орақбаева, Ержан Нүсіпақынов, Тимур Мақажан, Әзиз Бейшеналиев және Рауан Ауғанбаев сомдаған.

Экшн элементіндегі драманың түсірілімі Алматы қаласында 2017 жылдың күзінде өтті. Жобаның продюсері ретінде Асқар-Мұхит Нарымбетов жұмыс істеді. Қоюшының қоржынында екі толықметражды картина бар, олар - «Ағайындылар» (2011) және «Үйге жол» (2012).

«№7 бөлімше» демалыс күндері Астана уақытымен сағат 15:40-та көрсетіледі. Көрермендерді барлығы 8 бөлім күтіп тұр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист