È

«Ральф ғаламторға қарсы» Қазақстанда 125 млн теңгеден астам қаржы жинады

22-25 қараша аралығындағы кассалық жинақ

Өткен демалыс киномандарға жақсы көңіл күй мен көптеген эмоция сыйлады. Ауқымды экранға «Апгрейд», «Ральф ғаламторға қарсы», «Қорқыныштан есінен айырылғандар» картиналары шықты. Әр фильмнің қанша пайда тапқанын әрі қарай оқыңыздар.

Отандық айналымда «Ральф ғаламторға қарсы» анимациялық фильмі алдыңғы орынға шықты, фильм алғашқы демалыста 125 302 877 теңге жинады. Бұл - Walt Disney Animation студиясының 57-ші фильмі. Мультфильммен «Жануарлар шаһары» және «Мұзбикеш» картиналарының авторлары айналысты.

«Апгрейд» фильмінен көрініс
«Апгрейд» фильмінен көрініс

«Апгрейд» демалыста 2 417 565 теңге жинады. Картинаның жұмыс атауы «Стем» болатын, нидерлан тілінен аударғанда мағынасы «дауыс» дегенге саяды. Картинаның сценаристі - Ли Уоннелл, ол «Аралар: Аман қалу ойыны» сценарийін жазған.

«Өрмекші торына шырмалған қыз» кассаны 1867 271 теңгеге толтырды. Фильмнің әлемдік тұсаукесері Рим кинофестивалінде биылғы жылдың 24 қазанында болған. Лисбет Саландерді бұл жолы «Айдағы адам» фильмінде Дженет Шеронды ойнаған Клэр Фой сомдады.

«Қорқыныштан есінен айырылғандар» фильмінен көрініс
«Қорқыныштан есінен айырылғандар» фильмінен көрініс

«Қорқыныштан есінен айырылғандардың» бокс-офисы 1 470 603 теңгені құрайды. Картина аргентиналық табысты хоррорлар рейтингінде төртінші орынға ие болды. Көрермендердің жағымды пікірлерінен кейін режиссер Демиан Рунья екінші бөлімін түсіруге қатысты жоспарымен бөлісті.

«Қорқыныштар 2: Мазасыз Хеллоуин» фильмі 567 266 теңге жинап, рейтинг аутсайдері атанды.

 

*Материал Meloman Entertainment компаниясының мәліметі бойынша дайындалды.​

 

Фильмдер кестесін кинотеатрлар афишасынан табуға болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер