È

«Ральф ғаламторға қарсы» екінші апта Қазақстандағы бокс-офиста көш бастап тұр

29 қараша мен 2 желтоқсан аралығындағы кассалық жинақ

Демалыс күндері - отбасымен немесе достармен киноға баруға болатын тамаша мүмкіндік. Өткен демалыста қазақстандықтар «Барлығы немесе ештеңе», «Колетт» сынды жаңа киноларды тамашалай алды. Киномандардың талғамынан қандай фильмдер шықты және фильмдер айналымнан қанша пайда тапты екен, біздің материалымыздан оқыңыздар.

«Ральф ғаламторға қарсы» бұрынғыдай үздік болып түр, ол кассаны 92 963 517 теңгеге толтырды. Галь Гадот өз дауысын жарыскер Шэнкке сыйлап, мультфильм дыбыстаудан дебют жасады. Анимациядағы оқиға бірінші «Ральф» шыққаннан кейінгі 6 жылдан соң өрбиді.

«Барлығы немесе ештеңе» фильмінен көрініс
«Барлығы немесе ештеңе» фильмінен көрініс

«Барлығы немесе ештеңе» таспасының бокс-офисы бірінші демалыста 5 316 287 теңгені құрайды. Режиссер Дмитрий Суворов идея авторы және сценаристі болды. Картинаның ресейлік айналымдағы жинағы 782 630 долларды құрады.

Рейтингіміздегі үшінші орын «Апгрейд» фильміне бұйырды, ол 1 959 598 теңге жинады. Фантастикалық атыс-шабыс фильмінің түсірілімі Аустралияда, Мельбурнда өтті. Картина бюджеті 5 миллион долларды құрады.

«Колетт» фильмінен көрініс
«Колетт» фильмінен көрініс

«Колетт» драмасы өткен демалыстарда 1 021 500 теңге жинады. Фильмнің тұсауы 2018 жылдың 20 қаңтарында «Сандэнс» кинофестивалінде кесілді. Таспадағы басты рөлді Кира Найтли сомдады және картина Будапешт (Венгрия) пен Лондонда (Англия) түсірілді.

«Өрмекші торына шырмалған қыз» картинасы 599 067 теңге жинап, демалыстағы аутсайдер атанды.

 

*Материал Meloman Entertainment компаниясының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист