È

«Жаралы періште» Transformation Film Awards 2017 киножүлдесінің басты сыйлығына ие болды

Әмір Байғазиннің «Жаралы періште» Transformation Film Awards 2017 киножүлдесінің басты сыйлығына ие болды

Әмір Байғазиннің «Жаралы періште» фильмі Transformation Film Awards 2017 киножүлдесінің басты сыйлығын жеңіп алды. Кинокөрсетілім Сочиде XIX Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі аясында өтті.

Режиссер әрі сценарист Әмір Байғазиннің жұмысы көрермен дауысы арқылы таңдалды. «Жаралы періште» фильмі бас жүлдеден бөлек, «Жас ұрпақтың арманы мен мәселелеріне назар аударғаны үшін» номинациясында ерекше аталып өтті. Сондай-ақ, «Жасыл ақ жасыл» (Абба Макам, Нигерия), «Зоология» (Иван Твердовский, Ресей), «Күріш дәмі» (Пенг Фей Сонг, Қытай) және «Ньютон» (Амит Масуркар, Үндістан) фильмдері де жүлделерге ие болды.

«Жаралы періште» фильмінен көрініс

Transformation Film Awards Халықаралық киножүлдесі алғаш рет өтіп отыр. Үміткерлері қатарына 35 жасқа дейінгі режиссерлар түсірген 22 фильм енген. Кинокөрсетілімнің сарапшылар кеңесін Федор Бондарчук басқарды.

Еске салсақ, «Жаралы періштенің» қоржынында Германияда өткен Funf Seen Filmfest фестивалінің «Гран-при» жүлдесі және Оңтүстік Корея, Чонджудағы XVII Халықаралық кинофестивалінің «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» бар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер