È

«Жаралы періште» Гран-при иеленді

«Жаралы періште» Гран-при иеленді

Эмир Байғазиннің екінші авторлық картинасы «Жаралы періште» Германиядағы Funf Seen Filmfest ХКФ Гран-при иеленді. Қазақстандық лентаға басты жүлде ретінле 5 мың евро сыйақы табысталды. Марапаттың демеушілері Штанберг ауданы және Kreissparkasse München Starnberg Ebersberg банкі.

Funf Seen Filmfest кинофестивалі 27 шілдеде басталып 7 тамызда аяқталды. Қазылар алқасының мүшелері Чпродюсер Молли фон Фюрстенберг және режиссерлер Роланд Колла, Микаэль Верхевен.

Қазылар алқасының мүшелері атап өткендей, «Жаралы періштенің» стилі өте қатал, мұнда үрейлі поэтикалық образ бар. Эмир Байгазиннің айтуынша, оның авторлық киносында көрермен кез келген көрініске өзінің мағынасын бере алады.

Германияда «Жаралы періштенің» прокаты 3 қарашадан басталады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер