È

Рашид Нұғманов: «Попкорннан да маңызды дүниелер бар»

Рашид Нұғманов: «Попкорннан да маңызды дүниелер бар»

Жақында Алматы қаласындағы «КИНО» деп аталатын дәмханада XII «Евразия» ХКФ директоры Рашид Нұғмановпен кездесу өтті. Ресми емес кездесуде блоггерлер мен фестиваль өкілдері кофе іше отырып, фестивальдың басты тақырыбы жайлы әңгіме өрбітті. Киноға, қалаға, кәсібіңе деген сүйіспеншілік - бұл биылғы фестивальдың өзекті тақырыбы. Сонымен қатар, әрине, Қазақстан кинемотография өнері мен ғылымы ұлттық академиясының негізгі қызметі мен мақсаты да талқыланды. Кездесу барысында белгілі болған жағымды жаңалықтың бірі «Евразия» фестивалінің халыққа қолжетімді бола түсуі. Нақтырақ айтсақ, байқаудан тыс көрсетілімдер қалада, ашық алаңдарда тегін болады.

XII «Евразия» ХКФ ұйымдастырушысы Қазақстанның кинемотография өнерң мен ғылымының ұлттық академиясы.

««Евразия» - Орталық Азиядағы ең ірі фестиваль саналғанымен, көрермендер саны жағынан ауқымы кең деп айта алмаймыз. Айталық, өткен жылы келушілер қатары өте аз болды. Әнине, мұның себебі көп, осындай себептердің бірі фестиваль көп жылдан бері тендерлі түрде өткізіліп келеді. Фестиваль аяқталған кезде келесі фестивальдың басталуына бір-екі ай ғана қалады. Біз фестиваль дирекциясының ылғи жұмыс істеуі туралы мәселені көтеріп жүрміз, әлі де көтереміз. Пусан кинофестивалін алып қарайық (Busan International Film Festival). Бұл фестиваль біздің «Евразия» фестивалімен жасты. Негізі 1996 жылы қаланған. ал біздің фестивальдың негізі 1998 жылы қаланды. Қараңыз, Пусан фестивалі қандай жетістікке жетті, ал «Евразия» қайда. Мемелкеттің Пусан фестиваліне бөлетін бюджеті Қазақстанның «Евразия» (140 миллион теңге) фестиваліне бөлетін қаржысымен тең. Пусан фестивалі бюджетінің көп бөлігі демеушілердің арқасында жиналады, яғни, кинофестивальды брендке айналдыра білді. Өзін өзі құрметтейтін корей компаниясы немесе ұйымдар фестивальдың өркендеуіне үлес қосуға тырысады. Нәтижесінде фестивальдың беделі өсті. Сондықтан біз фестивальды бүкіл қалаға көрстеуді ұйғардық. Қазір біз біздің елімізге келіп кино түсіргісі келетіндерге тірек болуымыз керек», - деді Рашид Нұғманов.

Фестиваль директорының айтуынша, осы мақсатта Қазақстан кинемотография өнері мен ғылымы ұлттық академиясы фестивальды қолға алды, академия білім ордасы емес, заңдық ұйым.

Рашид Нұғманов Одақтың баламасы емес. Академия киноға өнер ретінде емес, бизнес ретінде қарастырады.

XII «Евразия» ХКФ ұйымдастырушылары қаланың 15 алаңын іске қоспақ. Бұл алматылықтарға таныс демалыс орындары болмақ.

«Былтырғы жылы фестивальдың ұраны «Жібек жолы» болды және Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы көпір болы, биыл фестивальдың басты тақырыбы махаббат. Махабат дегеніміз - бұл қуаныш, мұны жоюға болмайды. Осы тақырыпқа негіздей отырып, біз үш тақырыптық секция аштық - «Киноға деген махаббат», «Қалаға деген махаббат» және «Кәсібіңе деген махаббат». Адамдар авторлық киноны көрсе дейміз. Өйткені попкорннан да маңызды дүниелер бар ғой. Біз халыққа жақсы, сапалы киноны көруге мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз. Сондай-ақ біз алматылықтарға сый дайындадық, кеңес режиссеры Сергей Эйзенштейннің 25 картинасының көрмесі өтеді. Қанша айтқанмен, кино ұжымдық шығармашылық қой. Эйзенштейнді басқа қырынан тануға мүмкіндік туады», - дейді фестиваль директоры.

Рашид Мұсаұлы сөз соңында Қазақстан кинемотография өнері мен ғылымы ұлттық академиясы тағайындаған «Тұлпар» жүлдесі табысталады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер