È

Рашид Нұғыманов Кирилл Серебренниковтың «Жазы» туралы пікір білдірді

Рашид Нұғыманов Кирилл Серебренниковтың «Жазы» туралы пікір білдірді

Қазақстанда ресейлік режиссер Кирилл Серебренников («Оқушы») түсірген «Жаз» музыкалық картинасы айналымға шықты. Фильмді бірінші болып бағалаған көремендердің арасында кинорежиссер Рашид Нұғыманов та бар, оның «Йя-Хха» және «Ине» жұмыстарына Виктор Цой түскен болатын.

«Жаз» фильмі – жас Виктор Цойдың (Тео Ю) сол кездегі кеңес рогының жұлдызы, «Зоопарк» тобының үздігі Майк Науменкомен (Рома Зверь - Роман Билык) және оның жары Натальямен (Ирина Старшенбаум) қалай танысқаны жөнінде баяндалады. Оқиға Ленинградта 80-жылдарда болған.

«Мен киносыншы емеспін, әріптестерімнің жұмыстарын талқылағым келмейді. Дегенмен, маған фильм ұнады. Цойдың жақындарымен арадағы қарым-қатынасында бір нәзіктік болатын, сол картинада көрсетілген. Бірақ, фильмге бұрынғы достары мен таныстарының оған «тәкаппар, өзін-өзі жоғары ұстаушы» деп атағандары енгізілмепті. Оның араласатын ортасы аз еді, бірақ солармен ашық әрі нәзік сөйлесетін, ал басқаларына қаталдық танытуы мүмкін. Мен осыны картинадан көре алмадым. Әрине, Кирилл Серебренников - оларды жеке танымайтын адам. Фильмнен сол кездегі атмосфераны беруге тырысқаны көрініп тұр және онысы орындалғандай. Алайда, Майк Науменко ретінде Рома Зверьге режиссерлік жасай алмаған, себебі оны да жақсы білмеген. Цойға қарағанда, Майк жайлы бейнематериалдар өте аз. Кирилл «Йя-Хха» және «Ине» фильмдерін толығырақ зерттеген сияқты», - деп бөлісті пікірімен Рашид Нұғыманов.

Фото: Kursiv.kz
Фото: Kursiv.kz

1985 жылдан бастап, режиссер Виктор Цоймен жақын араласқан, дос болған. Екеуінің де бірдей көзқарастары мен ортақ таныстары болатын, ал Ленинградқа келген соң, Нұғыманов музыканттың үйіне қонақ болып баратын. Оңтүстік Кореялық актер Тео Ю Цой образын алып шыға алды ма, бұл сұраққа Рашид Мұсаұлы былай деді:

«Бұл адамның Цой мәнерін бере алу үшін менің фильмдерімді зерттегені көрініп тұр. Ол кейбір қимылдарын, жүрісін, физикалық әрекетін сала алған сияқты, Станиславский мектебіндегідей, Тео Ю өзін физикалық әрекеттер шебері ретінде танытты».

Виктордың өлімінен кейін (музыкант 28 жасында өмірден озды) көпшілігі Нұғымановтан 80-жылғы ұрпақтардың сүйікті әншісі жайлы кино түсіруді сұраған болатын. Алайда, кинематографшы әлі күнге дейін досы жайлы фильм түсіруден бас тартып келеді.

Фото: Kursiv.kz
Фото: Kursiv.kz

«Менен әлі күнге дейін Цой жайлы фильм түсіруімді өтінеді. Бірақ, мен ылғи бас тартып келемін. Неліктен? Себебі, бұл өзің туралы түсіргенмен бірдей. Бір адамды өте жақсы білген кезде, ол туралы бірдеңе жасау қиынға соғып жатады. Мысалы, сізден ағаңыз немесе әпкеңіз жайлы фильм түсіруді сұрасақ. Оны басқа біреудің қалай сомдағанын көріп, жалған дүниемен айналысып жатқаныңды білесің. Кирилл Серебренниковтың ерекшелігі - ол барлығын алыстан бақылады. Жақсы өнерді дүниеге әкелгің келсе, жасап жатқан нәрседен шеттетіліп, өз-өзіңмен болуың керек. Мен фильм түсіре алмас едім, өйткені Виктор көз алдымда тұрғандай болар еді».

Айта кету керек, «Жаздың» авторлары қазақстандық режиссердің жұмысына сүйенгенімен, жеке кеңес сұрамаған екен. Авторлар фильм негізі ретінде Майк Науменконың жары Наталья Науменконың естелігін алған.

 

Превью: Kursiv.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса