È

Әділхан Ержановтың «Рассвет» фильмі

Әділхан Ержановтың «Рассвет» фильмі

Жақында ғана «Сыншылар таңдауы» байқауының марапаттау салтанатында кезекьі мәрте триумфатор болған Әділхан Ержанов өзінің жаңа картинасының сюжеті жайлы әңгімелеп берді.

«Рассвет» - кинематографиялық эквивалентте поэма. Фильмдегі оқиғада бір тәулік ішінде бір кейіпкердің басынан өткен жағдай. Дағдарыс келе жатқанда кейіпкер табыс табу жолын іздейді. Сценарий жазуда режиссер Джеймс Джойстың «Улисс» деп аталатын романына сүйеніпті.

Картинада басты рөлді сомдаған Баймұрат Жұманов, сондай-ақ картинаға Нұрбек Мұқышев, Константин Козлов, Кәрім Қадырбаев, Салтанат Науруз және әнші Мақпал Исабекова түсті.

Сонымен Ержановтың өзі айтқандай «Рассвет» фильміендегі актерлер – жалпы картинадағы элементтер ғана, одан артық та, кем де емес.

Әділхан Ержановтың бұған дейінгі фильмдеріндегідей «Рассвет» фильмінің негізінде де әлеуметтік мәселе жатыр. Фильмнің басты сұрағы – конформизм, қоғаммен ғана емес, өзіңмен өзің келісу.

Визуалды көріністі жасауда Ержанов пен түсірілім тобы Карел Виллинктің суретін негізге алған, суретші магиялық реализм жанрында жұмыс істейді, бұған оқиғаның концепциясы сәйкес келеді.

Қазіргі кезде Әділхан Ержанов «Рассвета» фильмінің пост-продакшнымен айналысуда, ол картинаны осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында көрермен назарына ұсынбақ.

 

Кәрім Қадырбаев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер