«Remember me»
Желіде Сафар Шакеевке арналған бейнеролик пайда болды. Оны Ұлан Базарбек монтаждаған, роликте композитор Еркеш Шакеев Remember me компазициясы ойналады.
Клип Сафардың қара-сұр суреттерінен жасалған. Әсерлі видео Еркеш Шакеевтің Фейсбуктегі ресми парақшасына жарияланды.

Жас та, дарынды Сафар Шакеев өзінің өмірін кинематографқа арнағысы келді. Ол америкалық кино институтына оқуға түсуді жоспарлаған болатын. Сафар режиссурада жетістікке де жете бастаған. Оның «Facing you» қысқаметражды фильмі кинобайқаулардың бірінде жеңіске де жеткен еді. 2014 ол тағы бір фильм ұсынды - «Thank you for flying». 2015 жыды Шакеев «Любим природу, любим Казахстан» әлеуметтік жарнамсында жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, белгілі композитор Еркеш Шакеевтің 16 шілдеде жоғалып кетті. Жас жігітті іздеу жұмыстарына Шәкеевтер отбасының жақындары, туыстары, достары, еріктілер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері атсалысты. 28 шілдеде Сафардың денесі есентай өзенінен табылды. Еркеш Шакеев өз сөзінде Сафардың қазасы бүкіл еліміз үшін аса ауыр тиді деді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін