È

Режиссер Ари Астер жаңа қорқынышты фильмнің түсіріліміне дайындалуда

Режиссер Ари Астер жаңа қорқынышты фильмнің түсіріліміне дайындалуда

Биылғы жылы «Реинкарнация» атты дебютті жұмысы нағыз сенсацияға айналған режиссер Ари Астер келесі хоррорды түсіруге дайындалып, оған көптеген табысты жұлдыздарды қатыстыруды жоспарлап отыр. Жалпы, «Реинкарнация» бірнеше ай бойы әр елдегі көрермендерді қорқытып келді, рекордты касса жинады және келесі жылы «Оскарға» үміткер болуы әбден мүмкін.

Қазіргі таңда Астердің болашақ фильмінің бас жұлдызы - Флоренс Пью («Жолаушы», «Макбет ханым»), оның қоржынында BAFTA жүлдесінің аталымы бар. Джек Рейнор («Детройт», «Атыс») және Уилл ПоултерЛабиринтпен жүгіруші: Өлімге қарсы дәрі», «Соғыс машинасы») де Астер жобасының актерлік құрамына қосылды.

Ари Астер жаңа жұмысында жас жұпты (Флоренс Пью мен Джек Рейнор) көрсетеді, олар жаздың нақ ортасында Швециядағы фестивальдің біріне келеді. Ешкім оларды көне тілді культ негізіндегі қатал әрі ерекше жарысқа қатысады деп ойламаған еді. «Реинкарнацияны» көргендер Астердің актерлармен және экранды материалмен қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін біледі. Қазір атауы жоқ бұл таспаның айналымға шығатын күніне қатысты ешқандай ақпарат жоқ, дегенмен қазір түсірілімге қызу дайындық жүріп жатыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер