È

2018 жылғы ақпан айының үздік 7 трейлері

2018 жылғы ақпан айының үздік 7 трейлері

Ақпан айының назарымызға ұсынған роликтері бойынша отандық кино сәуір айында көрерменді қаншалық үрейлендірсе, соншалық көңілін көтеруге тырысатынын байқауға болады. Сонымен қатар, «Қыз бен теңіз» драмасына арналған алғашқы трейлері осы таспадағы адамға деген қызығушылық пен үлкен адамгершілік потенциалын тудырады. Атыс-шабыстың барлық кейіпкерлері Том Круз, Дуэйн Джонсон және Джош Бролин жазда күтілетін блокбастерлерден бой көрсетеді. Олар ұятқа қалдырмайды. Кинода кездескенше!

7. «Түнекте»

Режиссері: Данияр Ақшабаев

Мемлекеті: Қазақстан

Жанры: қорқынышты фильм

Данияр Ақшабаевтың «Түнекте» фильмі осы жылдың ең қызықты дебюттарының бірі атануы мүмкін. Ол фильмнің авторы ретінде жанрлық ережелер бойынша әрекет етеді және трейлерге жақсы таныс мәліметтерді ұсынады. Кейіпкерлер түсініксіз хабарламаның арқасында тап болған бейтаныс орын әлі келмеген қонақтар үшін сынақ алаңы болары сөзсіз. Есіктер жабылады, кейіпкерлер шығар есікті іздеп жүгіреді, барлық жер қанға боялады. Қарғыс атқан жердегі саяхат жақсы көңіл-көтеруді уәде етеді.

Айналымда күтілетін уақыты: 2018 жылдың сәуірі

6. «Зәулім үй»

Режиссері: Роусон Маршалл Тёрбер

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: атыс-шабыс

«Зәулім үй» трейлерінде Дуэйн Джонсон қайтадан әлемнің құтқарушы-супермені ретінде бой көрсетеді. Бұл жолы жергілікті жанжалдардың қарапайым қатысушысы және ФТБ-нің жауынгерлік зейнеткері бейбіт қытай халқын және өз отбасын жалын шарпыған биік ғимараттардан құтқарады. Сіз мұны мың рет көрдім деп айтпаңыз. Бірақ Джонсон - жігерлі жігіт және экрандағы барлық жағдайларға сенеді, егер сюжетте аяғы ауыратын болса, бұл қаһарманның ерлік істерін тоқтатудың себебі бола алмайды.

Айналымда күтілетін уақыты: 2018 жылдың шілдесі

 

 

5. «Қараман»

Режиссер: Дәстен Шәкіров

Мемлекеті: Қазақстан

Жанры: триллер, шытырман

«Қараманның» синопсисі негізінен қарапайым: қазушы-археологтардың «қаралар» тобы алтын мүсіншені табуды мақсат етеді және ойынды өлгенше жалғастырады. Түсірілім керемет орындарда (Ассы үстірті, Қайынды, Түрген) өткендіктен, көрермендерге нені қалайтынын және барлығының өтеуі қандай болатынын жақсы білетін қатал ер азаматтардың ойынымен ең аз дегенде, «Индиана Джонстың» деңгейінде көңіл көтеруді уәде етті. «Алтын олардың жанын емес, тәнін алды» деген ұранның өзі күту градусын төмендетпейді.

Айналымда күтілетін уақыты: 2018 жылдың сәуірі

 

4. «Қыз бен теңіз»

Режиссеры: Әзизжан Заиров, Мұхамед Мамырбеков

Мемлекеті: Қазақстан

Жанры: драма

Шынайы оқиғаға негізделген «Қыз бен теңіз» драмасы күрделі және көрерменді уайымға салады. Трейлер ең үлкен байқаулардың көрсетіліміне лайық фестивальдік кино үлгісінде ұсынылады, ал сюжет бәріне де түсінікті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да жақсы көруге, шығармашылықпен айналысуға, армандауға құқы бар. Басты рөлдегі Динара Шәріпованың актерлік шеберлігі мен жігерлілігі көрерменнің назарын аудартуға әбден лайықты.

Айналымда күтілетін уақыты: 2018 жыл

 

 

3. «Мұраға қалған»

Режиссері: Ари Астер

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: қорқынышты фильм

Бір ай бұрын өткен «Сандэнс» американдық фестивалінде «Мұраға қалған» осы жылдың «ең үздік қорқынышты фильмі» атанды. Таспа шынымен де көп нәрсені уәде етеді: ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мұрагерлік қарғыс, суық терге түсу және зорлық-зомбылық. Осы қайғы-қасіреттің барлығын тартқан халыққа бала көмектесіп, бәрін тоқтатып, жеңіп шығады.

Айналымда күтілетін уақыты: 2018 жылдың маусымы

 

2. «Орындалмайтын тапсырма. Салдары»

Режиссері: Кристофер МакКуорри

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: триллер, атыс-шабыс, шытырман

«Орындалмайтын тапсырма» франшизасының кезекті бөлімінің трейлері таспаны жазғы блокбастер ретінде ұсынады. Том Круздың (онсыз қандай «тапсырма» болмақ?) кейіпкерінің әлдебіреумен кезекті шайқасы өтеді. Өздеріңіз білесіздер, бұл «Әділдік одағында» мұртпен жүрген, кейін оны сандық әдіспен алып тастайтын мұртты Генри Кавелл. Круздың аяғының сынғанына және түсірілімнің кешеуілдегеніне қарамастан, фильм көп күтілген көрселімнің қатарында.

Айналымда күтілетін уақыты: 2018 жылдың шілдесі

 

 

1. «Дэдпул 2»

Режиссері: Дэвид Литч

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: атыс-шабыс, фантастика, комедия, шытырман

20th Century Fox компаниясы «Дэдпулдың» екінші бөлімінің бейнесін қалыптастыруды мақсатты түрде жалғастыруда. Трейлерден кейіпкердің өңделген детальдарын, әзілді, әсерлі пародияларды және толып жатқан танымал фильмдердің нақыл сөздерін жиі көресіз бе? «Дэдпулдың» екінші ролигі дәл солай жасалған, онда 80-ші жылдардағы тірі аңызға айналған Кэйблдің рөліне сеніп табысталған Джош Бролин әзірленуде. Marvel жанкүйерлері! Барлық назарларыңызды қатал жалданушының құпияларына аударыңыздар.

Айналымда күтілетін уақыты: 2018 жылдың мамыры

 

Сергей Бутаков

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер