È

«Түнекте» хоррорының трейлері мен постері

«Түнекте» хоррорының трейлері мен постері

«Түнекте» отандық қорқынышты фильмінің трейлер мен постері жарыққа шықты. Картина тұсаукесері 2018 жылдың 19 сәуірінде болады.

Сюжет бойынша достар орманға барады. Олар бұл жаққа қызығушылықтан келген болатын, себебі біреуі осы мекен-жай көрсетілген хабарлама алады. Достар көрсетілген жерге келген соң, оның біреудің тұзағы екенін түсінеді. Күн бастқан соң кейіпкерлерді аңди бастайды.

«Түнекте» фильмі - Данияр Ақшабаевтың алғашқы киножұмысы. Ол картинаның қоюшы-режиссері, продюсері әрі сценарий авторы болды. Даниярдың айтуынша, ол сценарий жазуға бір жарым жыл уақыт жұмсаған.

Хоррордағы рөлдерді Рыскұл Қонақбаев, Максим Богомолов, Албан Тілеуберді, Шәріпов Арыстан, Данияр Бейсекеев, Әмірова Назерке, Ералина Сәбина және Жалилов Пархат сомдады.

Таспа түсірілімі 2017 жылдың қазан айында басталып, қарашаның ортасына дейін жалғасты.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист