È

2018 жылдың көктемінде «Түнекте» отандық хорроры жарыққа шығады

2018 жылдың көктемінде «Түнекте» отандық хорроры жарыққа шығады

2018 жылдың 19 сәуірінде айналымға «Түнекте» отандық хорроры шығады. Фильм көне зұлымдықпен бетпе-бет келген студенттер жайлы баяндайды.

Сюжет бойынша 3-курс студенті мекен-жайы көрсетілген жұмбақ хабарлама алады. Кейіпкер достарын ертіп, сол жерге барады. Көңілді саяхат ақыры өмір үшін күреске айналады.

Картинаның қоюшы-режиссері - Данияр Ақшабаев, ол идеясын 2015 жылдан бері жүзеге асыруды ойлап жүрген. 2017 жылы күзде барлық қажетті ресурстарды жинап, түсірілімге кіріскен. Нәтижесінде, қорқынышты фильм түсіріліміне қоюшы-оператор Қазбек Әмержанов, қоюшы-суретші Ринат Шашубаев және продюсерлер Олжас Мұхамеджанов пен Асқар Рамазанов атсалысты.

«Түнекте» фильмінің түсірілімінен сурет
«Түнекте» фильмінің түсірілімінен сурет

Авторлардың айтуынша, көрермендерді әсерлі хикая мен ғажайып соңы күтіп тұр.

«Түнекте» кейіпкерлерін жас актерлар Алмас Жарасқан, Сәбина Ералина, Алмас Усенов, Назерке Әмірова, Максим Богомолов және Рысқұл Қонақбаев сомдады.

Фильм таратушысы - Meloman Entertainment компаниясы.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер