«Таулар түнегінде» қорқынышты фильмінің түсірілімі басталды
Spirit group кинокомпаниясы «Таулар түнегінде» қорқынышты фильмінің түсіріліміне кірісті. Картинаның қоюшы-режиссері - Данияр Ақшабаев.
«Таулар түнегінде» картинасындағы оқиға біздік күндерімізде болған. Басты кейіпкер - студент, оған бір күні тау етегіндегі орманда орналасқан қарғыс атқан бір орын туралы құпияға толы хабарлама келеді. Хабарламаның бозбаланы қызықтырғаны соншалық, ол достарымен бірге сол жаққа аттанады. Айтылған жерге келген балалар тұзаққа түскендерін түсінеді. Бұл орында көнеден қалған, адам қанын аңсаған бір сұмдық бәле өмір сүреді екен. Хабарламаны кім жіберді, автордың көздеген мақсаты не – көрермен алдағы уақытта білетін болады.
«Таулар түнегінде» фильмінің түсірілім тобы
Хоррордың кейіпкерлерін Данияр Бейсекеев, Алмас Жарасқанов, Сәбина Ералина, Назерке Әмірова және Максим Богомолов сомдайды.
Кинотаспаның түсіріліміне екінші режиссер Ольга Ем, қоюшы-оператор Қазбек Әмержанов, қоюшы-суретші Ринат Шашубаев және атқарушы продюсер Олжас Мұхамеджанов атсалысуда.
Фильм түсірілімі Алматы облысы, Мемлекеттік Іле Алатау Ұлттық табиғи қорығының аумағында өтіп жатыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін