È

«Қыз бен теңіз» әлеуметтік драмасының постері

«Қыз бен теңіз» әлеуметтік драмасының постері

«Қыз бен теңіз» әлеуметтік драмасының ресми постері пайда болды. Постердің авторы – әйгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің немересі Сауран Қастеев.

«Қыз бен теңіз» картинасы сүйікті жар, аяулы ана болуды армандайтын Әсел туралы баяндайды. Көпшілігі үшін бұл арманға жету оңай көрінетін шығар, бірақ кейіпкерге емес. Әсел – мүмкіндігі шектеулі жан, оның күнделікті тіршілігі қиындықпен өтіп жатыр. Қыздың басты арманы орындалар ма екен?

Көрермендер таспадан АРДИ реабилитациялық орталығының емделушілері ретінде актерлар Динара Шәріпова мен Тахир Омаровты көретін болады.

«Қыз бен теңіз» драмасын режиссерлар Әзизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков түсірген, олар әлеуметтік бағыттағы картиналарды түсірумен айналысады. Екеуінің «Мүмкін бе, жоқ па?» атты алдыңғы ортақ жобасы актер болуды армандаған мүгедек жігіт жайлы баяндаған болатын.

Өткен жолы фильм трейлері ұсынылған еді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер