Қазақстан режиссері Бахтияр Исламов «Festival of Nations» фестивалінде «Үздік тәжірибелік фильм» номинациясын жеңіп алды
«Эдип тұратын жер» отандық фильмі Австрияда «Festival of Nations» ХКФ-де үздік атанды. Режиссер Бахтияр Исламовтың қысқа метрі фестивальдің байқау бағдарламасына еніп, «Үздік тәжірибелік фильм» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Халықаралық қысқаметражды фильмдер байқауы Австрияның оңтүстігінде орналасқан Ленцинг қаласында өтті.
«Эдип тұратын жер» қысқаметражды таспасының сценарий авторы әрі қоюшы-операторы - Бахтияр Исламов. Картина продюсері – Дарья Корнеева.
Суреттерді картина продюсері Дарья Корнеева ұсынды
Исламовтың «Берлиндегі балалық шағымның аспаны» атты алдыңғы киножобасы АҚШ-та өткен «Moondance» XVII Халықаралық кинофестивалінде «Үздік қысқаметражды фильм» атанған болатын.
«Festival of Nations» коммерциялық емес кинофестивалі Австрияда «UNICA» киноөндірісті дамыту тәуелсіз ұйымының қалауымен 1973 жылы ашылған. Кинофестивальдің мақсаты – бүкіл әлем бойынша коммерциялық емес қысқаметражды фильмдерді белгілеу.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін