È

Қажымұқан Қалымбетовтың «Анамның сыйлаған қанаттары» атты режиссерлік дебюті

Қажымұқан Қалымбетовтың «Анамның сыйлаған қанаттары» атты режиссерлік дебюті. Қазақстан киносы

14 қыркүйек күні еліміздің барлық кинотеатрларынан отандық актер Қажымұқан Қалымбетовтың «Анамның сыйлаған қанаттары» атты жұмысы көрсетіле бастайды. Картина - Қажымұқанның режиссерлік дебюті.

«Жобаның идеясы продюсер Дастан Сейітовке тиесілі. Дастанмен танысып, ұзақ әңгімелескен соң мені режиссер қызметіне бекітті. Актерларды да мен таңдадым. Сценарийді оқып шығып, басты рөлдерді кімдердің сомдайтынын білдім. Сценарийді Еркен Губашев және Андрей Ходин жазды. Кинотаспа түсірілімі 40 күнге созылды. Негізі, түнгі уақыттағы түсірілімді санамағанда, қиындықтар аса болған жоқ»,-деп бөлісті Қалымбетов.

Кинотаспа ағайынды бауырлар туралы баяндайды, кенеттен олар аналарының қауіпті ауруға шалдыққанын естиді, анасының өмірін тек қымбат ота ғана құтқара алады. Бірақ, бұл жанұяда қаржы жоқ, әрине қайдан бола қойсын? Ағасы – нашақор, ал кішісі – мектеп оқушысы. Ең қымбат адамның өмірі қыл үстінде тұрғанда, басты кейіпкерлер қандай қадамға барар екен?

«Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінен көрініс

Кинотаспадағы басты рөлдерді Санұржан Сүлейменов, Жания Қалиева, Әсет Нұрпейісов, Нышанбек Жұбанаев және Еркен Губашев сомдады. Қоюшы-операторлар - Рүстем Жанғазиев пен Біржан Ескендір.

«Фильм арқылы ештеңенің мәңгі еместігін түсінесің. Сондықтан, жақындарымызбен өткізген әрбір сәтті бағалай білу керек. Мен кинокартинаны шетелдік кинофестивальдерде көрсеткім келеді. оны алдағы уақыт көрсетер»,-деді режиссер.

Таспа түсірілім былтырғы жылдың қаңтар айында өткен. «Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінің тұсаукесері қарсаңында оықрмандарға киножобаның трейлері мен постері ұсынылып отыр.

 

Превью: Қажымұқан Қалымбетовтың жеке Instagram парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса