È

Ридли Скотт Disney-мен «Мерлин туралы аңыз» экрандауына қатысты келіссөз жүргізіп жатыр

Ридли Скотт Disney-мен «Мерлин туралы аңыз» экрандауына қатысты келіссөз жүргізіп жатыр

Ридли Скоттың келесі жобасы Disney-дің «Мерлин туралы аңыз» картинасы болуы әбден мүмкін. Скоттың Scott Free өндірістік компаниясы продюсер Джил Неттермен («Пи өмірі», «Көрінбейтін бағыт») келіссөз жүргізуде. Филиппа Бойенс («Хоббит», «Сақиналар әміршісі») сценарист ретінде шақырылды. Сюжеті Томас Бэррон кітабының негізінде жазылды, кітапта жас Мерлиннің өмірі, қалай Артур патшаның көмекшісіне айналғаны сипатталады.

«Мерлин туралы аңыз» қазіргі таңда Disney өндіріп жатқан Мерлин туралы екі таспаның бірі болып табылады. Екіншісі – «Тастағы қылыш» фильмі. Оның түсірілімінде де Скотт Disney басшылығымен кездескен. Артур патша туралы аңыздар желісімен көптеген фильмдердің түсірілгеніне қарамастан, ішіндегі кейбіреуі ғана назар аударуға тұрарлықтай. Ол – NBC-дің «Әйгілі Мерлин» кіші көлемді хикаясы, басты рөлді Сэм Нил сомдаған.

Қазір Скотт режиссерлік мансаптағы ауырлау кезеңді өткеріп жатыр. Былтырғы жылдың мамыр айында оның «Бөтен: Өсиет» фильмінің тұсауы кесілген болатын. Жаңа жылдың алдында «Әлемнің барлық ақшасы» атты кезекті таспасы айналымға шықты. Бұл драмалық триллерде әлемдегі ең бай адамның бірі Жан Пол Геттидің немересін ұрлап әкетеді. Режиссер бұл таспаның түсіріліміне «Өсиеттен» кейін бірден кіріскен. Сексуалды әрекеттері үшін айыпталған Кевин Спейсиосы таспаның актерлік құрамынан шеттетілді. Скотт теңдессіз қадам жасады. Спейсидің орнына Кристофер Пламмер келген соң режиссер бірнеше аптаның ішінде барлық көріністерді қайта түсіріп, жоспарланған тұсаукесер уақытына үлгереді.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:50

молодец

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер