È

«Робин Гуд: Бастама»: Тэрон Эджертон әйгілі қарақшы рөлінде

«Робин Гуд: Бастама»: Тэрон Эджертон әйгілі қарақшы рөлінде

Lionsgate студиясының «Робин Гуд: Бастама» шытырман оқиғалы фильміне арнаған ресми трейлерінде Тэрон Эджертон («Kingsman: Алтын сақина», «Эдди «Қыран») әйгілі қарақшының рөліне бекітілді. «Сіздер капюшонға кімнің жасырынғанын сездіңіздер ме?», - деп сұрайды көрермендерден роликтегі ормандық кек алушы. Капюшондағы жігітті жақынырақ танитын уақыт жетті.

«Робин Гуд: Бастама» фильмінде Робин из Локсли (Тэрон Эджертон) ағылшын тәжіне қарсы тұрған өртті тұтандырғысы келетін қарақшылар тобының мүшесі болып келеді. Қарапайым адамдарды сатқын патшаның билігіне қарсы қою үшін Робин мавритан тобы қолбасшысының (Джейми Фокс, «Көңілді балақай», «Энни») атынан шешім қабылдайды. Ол физикалық дайындықтан өтіп, садақ пен оқты қолдың орнына пайдаланады.

«Сен біздің біреуімізсің, Сен қарақшысың. Енді сен жауынгер болуың керек. Сен байларды тонап, ұрлағың келді ғой? Уақытың келді», - дейді батыр Фокс Робинге. Бұл кездейсоқ емес, себебі фильмде әйгілі орман қылмыскерінің тарихы баяндалады. Фокс пен Эджертон бұл трейлерді CinemaCon кезінде көріп, аудиторияға: «Біз ешқандай да балетті трико (1993 жылғы «Робин Гуд: Трикодағы ер азаматтар» фильмін нұсқап отыр) киген жоқпыз. Бұл енді ересек азаматтар үшін», - деп ескерту жасаған.

«Робин Гуд: Бастама» шытырман оқиғалы фильмі 2018 жылдың 20 қыркүйегінен бастап ауқымды айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер