È

Ілияс Есенберлиннің «Ғашықтар» романы телеэкранға шықпақ

Ілияс Есенберлиннің «Ғашықтар» романы телеэкранға шықпақ

Астанада Ілияс Есенберлиннің «Ғашықтар» романының экрандауына кірісіп кетті. Әдеби туындыны телеэкранға шығару идеясы продюсер Ардагер Сантыбаевқа тиесілі. Хикаяға Самат Шәріпов режиссерлік етпек.

«Ғашықтар» романы құрылыста краншы болып жұмыс істейтін дарынды мүсінші Жантас пен Аяужан туралы баяндайды. Екі түрлі адамдар кездесіп, бір-біріне ғашық болмауы керек еді. Дегенмен, тағдырдың қалауымен жастар кездеседі, бірақ олардың бақытты болатыны немесе болмайтыны өздеріне байланысты. Хикая авторлары түпнұсқа сюжет желісін сақтап, оқиға мен кейіпкерлерді қазіргі уақытқа ауыстырды. Сюжет бойынша Жантас – мүсінші емес, жас суретші-дизайнер. Шығармашылық жан болғандықтан, ол жиі ғашық болып қалады. Алайда, Аяужанмен кездескен соң, ғашықтық сезімі өше бастайды. Кейіпкер нағыз махаббатқа ие болғанын сезеді.

Мелодрама кейіпкерлерін Азат Тұрарбеков (Жантас) және Гүлмира Хасанова (Аяужан) сомдайды. Басқа кейіпкерлерді Азат Сейтметов, Ақерке Бүркітбай, Әйгерім Жүнісова және Ербол Ыдырысов ойнайды.

Аттас хикая «Хабар» телеарнасының тапсырысымен түсіріліп жатыр. Сондай-ақ, түсірілім Алматы мен Алматы облысында өтеді деп жоспарлануда.

«Хабар» арнасының эфирінен «Ғашықтар» мелодрамасы Астана мерейтойының қарсаңында көрсетіледі. Барлығы 12 бөлім ұсынылады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса