È

«Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұқбат»

«Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұқбат»

«Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұқбат» фильмі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өнімі. Картина «Победили вместе» деп аталатын деректі фильмдер байқауының бағдарламасына енді. Кинолентаны режиссер Сатыбалды Текеев таныстырады.

Картина Кеңес одағының батыры, әскер генералы, ең алғашқы ҚР Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірлік жолы жайлы. Фильмнің үлкен бөлігі Текеевтің батырмен жасаған сұқбаты. Режиссердың айтуынша, кинолентада халық батырының өмірі, оның өнер мен әдебиетке деген қызығушылығы, отбасы және достарымен, әріптестерімен байланысы баяндалады. Деректі фильмнің тұсаукесері ақпан айында өтті.

Сағадат Нұрмағамбетов

Естеріңізге сала кетейік, «Победили вместе» халықаралық кинофестивалі 2005 жылы құрылған. Жобаны бастамашылары Қырымдағы Кеңес одағының батырлары. Жыл сайын кинофестивальға екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан емелкеттер қасытады. Осы жылы кинокартиналар 14-19 мамыр аралығында Севастопольде көрсетіледі.

2014 жылы Сергей Азимовтың «Долгая дорога к отчему дому» және Азат Хакимовтың «Картины декабря» атты фильмдері қатыстырылған болатын. Өткен жылы Салауат Темірболатұлының «О потерянной казахской дивизии» қысқаметражды фильмі көрсетілді.

 

Әйгерім Қасқыр

Аударған Айнұр Сенбаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Камилла Ермекова

Актриса

Санұржан Сүлейменов

Актер