È

Санұржан Сүлейменов «Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінде негізгі рөлді сомдады

Санұржан Сүлейменов «Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінде негізгі рөлді сомдады. Қазақстан киносы

Санұржан Сүлейменов режиссер Қажымұқан Қалымбетовтың «Анамның сыйлаған қанаттары» дебютті фильмінде негізгі рөлдердің бірін сомдады. Жас актер «Рэкетир 2» және «Аудандар» кинотаспаларында ойнаған. Дегенмен, Санұржан үшін аталмыш картина салмақты жоба болды, өйткені ол басты рөлді сомдайды.

«Кейіпкерім – сенімді пацифист, ол айналасында болып жатқан нәрсенің барлығына алаңдайды. Арман анасымен бірге тұрады, мектеп оқушысы болғандықтан өзін толығымен қамтамасыз ете алмайды. Кейіпкерім алдымен сабырлылық сақтап, ештеңеге қарамастан дұрыс ойлауды үйретті»,-дейді актер.

Картина ағайынды екеудің хикаясын баяндайды, олардың аналары ауыр науқасқа шалдығады. Санұржан Сүлейменовтен бөлек, басты рөлдерді Жәния Қалиева («Ұлжан»), Еркен Губашев («Наурыз.kz»), Нышанбек Жұбанаев («Зауал») сомдайды. Сценаристері - Еркен Губашев және Андрей Ходин. Жобаның продюсері - Дастан Сейітов.

«Анамның сыйлаған қанаттары» фильмінен көрініс

«Мен алдымен кастингтен өтіп, кейіннен осы рөлге бекітілдім. Кейіпкерім сахнаға шығып, өлең оқиды. Сол эпизод маған қиынға соқты. Себебі, ол кезде түсірілімнің алғашқы күні болатын және кейіпкерімді толық зерттеп болмаған едім. Жалпы, рөлге ену оңай болды. Мен бір ғана образда қалып қоймай, әр түрлі кейіпкерлерді сомдап жүрдім. Мен үшін әрбір рөл – өз-өзімді дамыту құралы. Осылайша, жақсы ойнауға талпынамын»,-деп қоса кетті Сүлейменов.

«Анамның сыйлаған қанаттары» фильмі 14 қыркүйек күні кинотеатрлардан көрсетіледі.

 

Превью: Бауыржан Бисмилдин

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса