Saryarka short film festival желтоқсанда өтеді
Жастар арасында өтетін Saryarka short film festival қысқаметражды фильмдер фестивалі 2016 жылдың 13 қарашасынан 18 желтоқсанға ауыстырылды. Кинофестиваль Астанада, «Казмедиа центр» концерт залында өтеді.
«Астана жастары» Жастар ресурсы орталығындағы ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль өткізілетін уақыттың өзгеруі қатысуға ниет білдіргендердің өтінішін қабылдауды ұзартуға байланысты. енді өтініштер 5 желтоқсанға дейін info@brod.kz. электронды мекен-жайы бойынша қабылданады. Хатта көрсетілуі тиіс: режиссердің аты-жөні, әкесінің аты, жеке куәліктегі фото, фильмнің атауы, шыққан жылы, хронометраж, синопсис, постер.
Естеріңізге сала кетейік, Saryarka short film festival фестиваліне 29 жасқа дейінгі кинематографистер қатыса алады, жұмыстары 2015-2016 жылдары түсірілген болуы тиіс, хронометражы 15 минуттан ұзақ болмауы тиіс. Қазылар алқасы 7 жеңімпазды келесі номинациялар бойынша анықтайды: «Гран-при», «Үздік режиссер», «Үздік әйел адам рөлі», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік оператор», «Үздік сценарий», «Көрермендер көзайымы».
Орталық жетекшісі және фестиваль идеясының авторы қазақстандық актер Ануар Нүрпеисов.
Кинофестивальдің ресми серіктесі кәсіби кинопортал «Бродвей».
Іс-шараға кіру тегін.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін