«Саша»
Документалист Қанат Бейсекеев «Қазақстандықтар АҚШ-та» циклінің жетінші фильмін түсірді. Жаңа әрі ерекше оқиғаның кейіпкері әлеуметтік қызметкер Александр Липовцев.
«Фильмнің идеясы келесі оқиғаның тақырыбын анықтау кезінде пайда болды. Біз түсірілім тобымен бірге ориентациясы дәстүрлі емес қазақтар тақырыбына тоқталдық. Өйткені біздің көп отандастырымыз сексуалды ориентациясы басқа болғандықтан елден кетіп жатады ғой. Бірақ белгілі болғаны қазақтар өзінің дістүрлі емес ориентациясы туралы ашық айтуға дайын емес екен. Сондықтан таңдау Сашаға түсті, ол өзі туралы айтып беруге оңай келісті», -дейді Қанат Бейсекеев.

Александр Липовцев
Александр - қазақстандық, ол 22 жасында Штаттарға көшіп келген. Оның мұнда қоныс аударуының себебі тек қана ориентациясына ғана байланысты емес, ол америкалық мәдениетке қатты қызығады.
Режиссердің айтуынша, лентаның негізгі мақсаты - ұлтына, нәсіліне, жынысына, ориентациясына қарамастан әркім өз қалауынша өмір сүруге құқығы бар және жетістікке жете алатынын көрсету.
«Тобымыздың басты мақсаты - АҚШ-тағы қазақстандықтар туралы баяндау, сондықтан осы тақырыптан аттап кете алмадық, бған мән бермеуіміздің өзі қателік болар еді», - дейді Бейсекеев.
Көрермендерді шетелдегі қазақстандықтар туралы әлі де 5 қызықты оқиға күтіп тұр.
Әйгерім Қасқыр








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін