È

Сергей Әзімов алғашқы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кинофестивалінің қазылар алқасының құрамына енді

Сергей Әзімов алғашқы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кинофестивалінің қазылар алқасының құрамына енді

Қытайдың Циндао қаласында Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің алғашқы кинофестивалі өтіп жатыр. Фестиваль ҚХР Мемлекеттік кинематография басқармасымен және Шаньдун шет аймағы әкімшілігімен ұйымдастырылған.

Негізгі байқау бағдарламасында 23 фильм ұсынылды. Оның ішіндегі екеуі қазақстандық картина: Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылышы» және Талғат Теменовтың «Қаламыздың кішкентай ханзадасы» фильмі. Сондай-ақ, фестиваль барысында арнайы Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» және Сәбит Құрманбековтың «Оралман» кинотаспалары көрсетіледі. Кинокөрсетілім аясында барлығы 60 фильм ұсынылмақ.

Жұмыстарды 12 кәсіби маман бағалауда, оның ішінде отандық режиссер әрі продюсер Сергей Әзімов бар. Қазылар алқасына қытайлық продюсер Хань Саньпин төраға болды.

Айта кету керек, фестиваль барысында қос киностудия - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» мен «Белорусьфильм» киностудиялары серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер