È

Сергей Дворцевой Самал Еслямованы гауһар тасқа теңеді

Сергей Дворцевой Самал Еслямованы гауһар тасқа теңеді

«Айка» фильмі 71-ші Канн кинофестивалінде жүлделі болған режиссер Сергей Дворцевой Қазақстанға келді. Қоюшы өзі туып-өскен Шымкентке ат басын бұрды. Режиссердің келу құрметіне ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Сергей Дворцевой картина актрисасы Самал Еслямованы гауһар тасқа теңеді, деп хабарлайды Otyrar.kz жаңалықтар порталы.

«Айка» картинасы Мәскеудегі эмигрант қыз жайлы баяндайды, ол сәбиді дүниеге әкеліп, кейін оны перзентханада қалдырып кетеді. Басты кейіпкерді сомдаған Самал Еслямова «Үздік әйел рөлі» үшін жеңіс тұғырынан көрінді.

«Әрине, бұл жеңіс – қазақ актрисасының жетістігі, өйткені ол мен бір кездері Петропавловда байқап қалған гауһар тастың нақ өзі. Менің жұмысым сол асыл тасты шыңдау ғана болды, себебі ол расында да тамаша актриса. Кейде шалғайдағы ауылдан осындай адамдар қалай шығады екен деп өзіңнен сұрайсың. Ол (Самал Еслямова. – ред.) ауылдық жерден шыққан. Сондай дарынды! Жауапкершілігі жоғары, өр мінезді. Фильмді көрген кезде түсінесіздер. Ресейлік БАҚ бұл рөлді ерлік деп санады. Рөл тек қайғы-қасіретке құрылған», - деді режиссер журналистермен кездесуінде.

Фильмдегі оқиға 6 күннің ішінде өрбиді, ал картина түсірілімі 7 жылға жуық созылған. Дворцевойдың айтуынша, оған ауа-райы мен жұмыстың өз шыңына жетпегені әсер еткен.

«Мәскеуде биыл керемет қар жауды. Біз біраз күтіп, Мурманскқа бардық, бірақ ол басқа қала ғой», - деді Сергей Дворцевой.

Еске сала кетсек, режиссер Самал Еслямовамен бірге алғаш рет жұмыс істеп отырған жоқ және оның таспасы Каннда бірінше рет көзге түскен жоқ. 2008 жылы Еслямованың қатысуындағы «Қызғалдақ» драмасы «Ерекше көзқарас» бағдарламасында жеңіске жеткен болатын.

«Айка» кинотеатралды айналымға осы күзде шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер