È

«Жетінші арнадан» «Ұйқысыздық» хикаясы көрсетіле бастады

«Жетінші арнадан» «Ұйқысыздық» хикаясы көрсетіле бастады

21 қарашадан бастап «Жетінші арнадан» 12 бөлімнен тұратын «Ұйқысыздық» хикаясы көрсетіле бастады, режиссері - Светлана Петрийчук, ол сондай-ақ аталмыш жобаның креативті продюсері әрі сценаристі болды.

Сюжетте жергілікті телеарнадан өзінің жеке шоуын ашуды ұйғарған Әсем суреттеледі. Бағдарлама адамдардың ұйқысының бұзылуына әкеп соқтыратын мәселелерді талқылайды. Әсем және екі көмекшісі - психолог пен педагог – қонақтарды жүктерінен арылтуға тырысады. Бір күні Әсем күйеуінің опасыздығы туралы біліп қояды, енді оған басқаларға ақыл айту қиынға соғады.

«Ұйқысыздық» фильмінен көрініс
«Ұйқысыздық» фильмінен көрініс

Әсемнің рөлін Әсел Қалиева сомдады. Оның экрандағы күйеуі Шыңғыс Қапин болды. Сондай-ақ, көпбөлімді жобаға Әзиз Бейшеналиев, Жанна Сейітхан түсті.

Картинаның қоюшы-операторы - Сергей Селищев. Хикаяның көркемдік қойылымы жағына Евгений Пак жауапты болды. Дыбыс режиссері - Кирилл Соболев.

Актер Шыңғыс Қапин ойыннан бөлек, «Ұйқысыздықтың» саундтрегін жазды, осылайша алғаш рет вокалды қабілетін байқап көрді.

«Ұйқысыздық» фильмінен көрініс
«Ұйқысыздық» фильмінен көрініс

«Мен бұған қорқа-қорқа бардым, бірақ біздің эстрада жұлдыздарымыз секілді қорқынышсыз «кино» түсіруге тырысқан жоқпын, тек режиссерге және дыбыс режиссеріне арманым жайлы айттым! Рахмет! Білесіздер ме, мен ұялмаймын. Сондықтан, мен ән айтатын боламын. Қалағанымды жасаймын. Үздік шеберлер жанымда. Осылай болғанына қуанамын. Бұл мықты сценарийі, дыбысы, бейнесі, кастингі мен дәмі бар нағыз сапалы телеөнім», - деп жазды Шыңғыс Қапин өзінің Инстаграм парақшасына.

«Ұйқысыздық» хикаясы «Жетінші арнадан» Астана уақытымен жұмыс күндері сағат 21:40-та көрсетіліп жүр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист