«Өгей жүрек» хикаясы Қытайда ABU prizes жүлдесіне ие болды
«Өгей жүрек» отандық хикаясы Азиаттық-Тынық мұхиттық хабарлама одағы (Asia-Pasific Broadcasting Union) өткізген ABU prizes байқауының арнайы жүлдесіне ие болды. Тележобалардың көрсетілімі Қытайда өткен.
«Өгей жүрек» хикаясы Бибігүл жайында баяндайды. Күйеуі екеуі бірнеше жыл бойы балалы болуды аңсайды. Бір күні аяғының ауыр екенін білген әйел өмірінің күрт өзгеретінін қайдан білген?! Күйеуінің опасыздығы бір-ақ сәтте отбасылық бақыттарын күл-талқан етеді. Тағдыр тағы бір сынақ жібереді – Бибігүл баласынан айырылып қалады.
Ауыр тағдыры бар кейіпкерді Кәмшат Жолдыбаева сомдады. Сондай-ақ, хикаяға Дастен Шәкіров, Жәния Қалиева, Майра Қуанышбаева және Балтыбай Сейітмауытов түсті.
«Өгей жүрек» хикаясынан көрініс
Көпсериялы фильмді «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша Shine production компаниясы түсірді. Жобаның бас продюсері - Баян Мақсатқызы (Есентаева), қоюшы-режиссері - Ернар Нұрғалиев.
ABU prizes жүлдесі Азиаттық-Тынық мұхиттық хабарлама одағымен құрылған, одақ Азиядағы және басқа аймақтағы 69 елдің 270 хабарлама ұйымын біріктіреді. Жүлде 1964 жылдан бері ұсынылып келеді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін