È

«Жаңа қоныс» хикаясының үшінші маусымы түсірілуде

«Жаңа қоныс» хикаясының үшінші маусымы түсірілуде

Отандық «Жаңа қоныс» хикаясының үшінші маусымы жарыққа шықпақ. Dastan Media студиясы жаңа бөлімінің түсіріліміне кірісіп кетті. Ситкомның продюсері әрі сценарий авторы – Дастан Қалдыбаев.

«Жаңа қоныс» хикаяның сюжеті ауылдан қалаға қоныс аударған Мырзахановтар отбасы жайлы баяндайды. Жеке қоныстарын алуға мүмкіндігі болмаған кейіпкерлер пәтер жалдауға мәжбүр болады. Тағдырдың қиыншылығына қарамастан Мырзахановтар отбасы жақсылыққа сенеді және мәселелерді біріге отырып, әзілмен шешуге тырысады.

Көпбөлімді оқиғаның кейіпкерлерін қайтадан Қуандық Шәкіржанов, Бақыт Әліпбаева, Нұрсұлтан Жақсыген, Жұлдыз Маханова және Сая Оразғалиева сомдайды.

Бірінші бөлімнің режиссері ретінде Жеңісхан Момышев жұмыс істеген болатын. Екінші және үшінші маусымды қоюды Медет Ілгедаевқа сеніп тапсырды.

Еске сала кетейік, «Жаңа қоныс» хикаясы 2015 жылы Qazaqstan телеарнасынан көрсетіле бастаған болатын. Екінші шығарылым 2017 жылдың күзінде экранға шықты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер