È

Шарипа Оразбаеваның «Тұл» фильмінің түсірілімі аяқталды

 Шарипа Оразбаеваның «Тұл» фильмінің түсірілімі аяқталды

Халықаралық кинофестивальдердің лауреаты, режиссер Шарипа Оразбаева кезекті «Тұл» фильмінің түсірілімін аяқтады.

«Қазіргі таңда қоғамда қоқыс жәшіктерінен, әжетханадан жаңа туған сәбилердің табылуы жиілеп кетті. Және бұл үлкен қасіретке айналып отыр. Безбүйрек жауапкершілігі жоқ аналардың кесірінен қанша баланың тағдырына балта шабылып жатыр.

Осындай әлеуметтік тақырыпты арқау қылған фильмнің тақырыбы өмірде шынайы болған және ол көрермендерге кішкене шок халінде қалдырып, ой салары сөзсіз. Қазірше сюжет барысын ашпай ақ қояйын, кейін экранда көре жатарсыздар» - дейді режиссер.

Бұған дейін Шарипа Оразбаеваның 2016 жылы түсірілген «Картоп жегіштер» фильмі «Байқоңыр» республикалық қысқаметрлі кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алып, XII «Евразия» Халықаралық кинофестиваліндегі қысқаметрлер байқауында қатысқан болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер