Шымкенттен шыққан жас режиссерлар өз фильмдерін Алматыда таныстырмақ
Ағымдағы жылы қарашаның 1-жұлдызында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Педагогика және мәдениет» факультеті «Өнер» кафедрасының студенттері Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқу ғимаратында өз фильмдерін таныстырады.
Көрсетілімнің ұйымдастырушысы - «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубы.
Шара барысында көпшілікке режиссерлар Қазыбек Убайдиннің «Мұзды уақыт», Ерік Кедельбаевтың «Мейірімді құбыжық» және Марғұлан Еркіннің «Түйсік» фильмдері көрсетіледі.

«Түйсік» фильмінен көрініс

«Мұзды уақыт» фильмінен көрініс

«Мейірімді құбыжық» фильмінен көрініс
Көрсетілім барысында кинотанушы Ержан Жұмабеков және жас режиссерлар студенттермен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салады. Шараның басталуы сағат 15.00-де. Кіру тегін.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін