È

Баян Алагөзованың «Сиситай» картинасы наурызда шығады

Баян Алагөзованың «Сиситай» картинасы наурызда шығады

Баян Алагөзованың «Сиситай» фильм-мюзиклі отандық айналымға 2018 жылдың 15 наурызында шығады. Картина көрермендерге әнші болуды армандаған қыз бен сол мүмкіндікті сыйлайтын продюсердің хикаясын баяндамақ. Баянның айтуынша, дәл мұндай кино Қазақстанда бұрын-соңды түсірілмеген екен.

Ол бұл туралы Gakku FM-нің «Шынымды айтсам» бағдарламасында айтып берді.

«Бізде бұл жанр ешқашан болған емес. Тек, музыкалық фильмдер болды. Мен «Сиситайды» жүз пайыз мюзикл дей алмаймын. Бұл - қымбат жанр. Дегенмен, «Сиситайға» ұқсайтын жобаның бұрын-соңды болмағаны сөзсіз! Біз жанымызға жақын комедияны көріп үйреніп қалдық. Біздің фильміміз мүлдем басқа. Мен асыра мақтанғым келмейді, дегенмен бұл туындының кинокөрермендерге арналған тосын сый болатыны анық. Алғаш көргенімде, ерекше қабылдадым. «Менің көргенімді көрермендер де көруге дайын ба екен» деген ойға қалдым. Бұл өте көркем, интеллигентті әрі отандық емес туынды», - деп бөлісті өз ойымен Баян Алагөзова.

«Сиситай» фильмінің түсірілімінен сурет

Сондай-ақ, продюсер төрт жылдық үзілістен соң (Баян Мақсатқызының «Абайлаңыз, сиыр!» атты соңғы толықметражды фильмі 2014 жылы түсірілген – ред.) үлкен экранға қайтадан комедия арқылы оралғысы келмеді. Ол қазақстандық киноға ерекше әрі тың дүние алып келгісі келген.

Еске сала кетсек, «Сиситайдағы» басты кейіпкерді жас актриса Әйгерім Мергенбаева сомдады, ал продюсер рөлінде көрермендер Баян Алагөзованы көретін болады. Фильм режиссері Ернар Нұрғалиев болды.

 

Превью: @ilyahat

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер