È

Жақында Нұртас Адамбайдың жаңа картинасы таныстырылады

Жақында Нұртас Адамбайдың жаңа картинасы таныстырылады

Жақында «Тараз» криминалдық-әлеуметтік драмасының монтаж жұмыстары аяқталды. Режиссер әрі продюсер фильма Нұртас Адамбайдың айтуынша, «Тараз» экранға күзде шығады. Естеріңізге сала кетейік, картинаның түсірілім сәуірде аяқталған.

«Комедиядан кейін басқа жанрдағы кино түсіру қызық болды. Режиссер ретінде көзім жете түскені, әлі де үйренетіміз көп, әлі де алға ұмтылуымыз керек», - деді Нұртас.

«Тараз» фильмінің түсіру тобы

Драмадағы негізгі оқиға қиындыққа тап болған үш дос жайлы. «Тараз» - салмақты киноны ұнататындар үшін. Көрермен кейіпкер үшін алаңдап, солармен бірге қайғырады, сондай-ақ фильмде ерегес пен төбелес көріністерін тамашалауға болады.

Кинокартинаның түсірілімі Нұртас Адамбайдың туған қаласы Таразда және Алматыда өтті. Фильмге Төлепберген Байсақалов, Асан Мәжит және Еркебұлан Дайыров сынды актерлер қатысты.

Тақырып бойынша:

Нуртас Адамбай завершил съемки фильма «Тараз»

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер