È

Режиссерлар мен продюсерлердің фильм түсіруге және оны жүзеге асыруға қатысты кеңестері

Режиссерлар мен продюсерлердің фильм түсіруге және оны жүзеге асыруға қатысты кеңестері

Алматыда «Go Viral» тың идеялар фестивалі болып өтті. Онлайн-қызметтер мен әлеуметтік желілер арқылы жобаларды алға жылжытуға арналған идеялармен алмасу мақсатында ұйымдастырылған алаңқай Қазақстан мен шетелдік кәсіби медиа және кәсіп пен мәдениет өкілдерін біріктірді.

Фестиваль тақырыбының бірі кино саласына арналды. Фильмдер өндірісіне қатысты кеңестерімен және идеяларымен режиссерлар мен кино мамандары бөлісті. Қазақстандық режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай фильм түсіріліміне қажетті қаржыны бірнеше тәсілмен табуға болатынын айтып берді.

«5-10 жыл бұрынғы уақытқа қарағанда бүгінде қаржыландыруды табу оңайырақ. Өйткені, қазір әлеуметтік желілер, YouTube арнасы бар. ол жақта көркемдік кеңестер жоқ. Идея қызықты болса, оны жан-жақты жарнамалауға болады. Мысалы, «Хардкор» секілді. Жобаның ролигі пайда болып еді, оны мамандар байқап қалды. Нәтижесінде «Bazelevs» компаниясы осы жобаны өз қолына алып, фильм түсірді. Сондықтан, жас режиссерлардың бұл мәселеге қатысты көптеген мүмкіндіктері бар»,-деп өз пікірін білдірді Нұртас Адамбай.

Сурет Go Viral фестивалінің жеке Instagram парақшасынан алынды

Деректі кино режиссері Гриффин Хаммонд бүгінгі таңда кез-келген адамның өз фильмін түсіре алатындығын атап өтті.

«Сізде кәсіби құрал болмаса да, бәрібір фильм түсіруді бастай аласыз. Оған қажетті 4 нәрсе бар: жарық, көп жағдайда – күндізгі тегін жарық, тұрақты кадр, жақсы монтаждалған материал және ең бастысы – сізде негізгі оқиға болуы шарт. Өйткені, оқиғасыз қанша әдемі фильм түсірсеңіз де, ол ешкімге қызықты болмайды»,-деді Хаммонд.

Сурет Go Viral фестивалінің жеке Instagram парақшасынан алынды

Картинадағы оқиғаның маңыздылығын кино маманы Йоргос Крассакопуло да айтып кетті. Сарапшының пікірінше, табысты болу үшін авторды мазалап жүрген оқиғаны баяндау керек екен.

«Айтқыңыз келген оқиғаның сізге қатысы болуы керек немесе ол сіздің жан-дүниеңізден өтуі шарт. Адамдар фильм арқылы өздерін көрсе, ол жақсы құбылыс. Қазақстанда болып жатқан мәселе грек аудиториясына біртүрлі болуы мүмкін. Бірақ, бір адамның хикаясы әлем бойынша көптеген адамдардың жүрегіне жол табуы ықтимал. Ең маңызды дүние – оқиға сіздің жүрегіңізден шығуы керек, сіз үшін өте маңызды болғаны жөн»,-деп түсіндірді Йоргос Крассакопуло.

Сурет Go Viral фестивалінің жеке Instagram парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер