È

Алматыда «Go Viral» атты мықты идеялар байқауы өтеді

Алматыда «Go Viral» атты мықты идеялар байқауы өтеді

16-18 маусым аралығында Алматыда АҚШ Бас Елшілігінің бастамасымен медиа, кәсіпкерлік пен мәдениет саласындағы қазақстандық мықты мамандармен бірлесіп ұйымдастырған «Go Viral» фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты - онлайн-қызмет пен әлеуметтік желі және жаңа платформалардың көмегімен жобаларды дамыту мүмкіндігі туралы айтып беру.

Үш күн ішінде Орта Азияның барлық аймағынан келген қатысушылар өздерінің идеяларымен бөлісіп, оларды талқыға салып, жобаларының танымалдылығын арттыру әдістерін біле алады. Фестивалдің қонақтары өз ісінің кәсіби мамандары – тәуелсіз кәсіпкерлер, медиа саласының мамандары, кинорежиссерлер және т.б. Арнайы шеберлік сабақтарын деректі фильмдердің режиссерлері Катерина Суворова («Завтра море») және Қанат Бейсекеев («Bibissara») өткізеді.

Сондай-ақ, «Go ViraI» аясында тәуелсіз кинематографтардың фильмдері көрсетіледі, «YouTube» және басқа ресурстағы бейнеконтенттерді қаржыландыру мәселелері талқыланатын дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Фестивальде Ғалымжан Молданазар, Zzara, The Godfathers жобасының DJ-і және т.б. өнер көрсетеді.

«Go Viral» фестиваліне http://goviral.kz сайты арқылы тірекеле аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер