È

«Бойжеткен. Бәрі сол үшін» авторлары саундтрек орындаушыларының кастингін өткізді

«Бойжеткен. Бәрі сол үшін» авторлары саундтрек орындаушыларының кастингін өткізді

Алматыда «Бойжеткен. Бәрі сол үшін» фильмінің саундтрегін орындаушыларға арналған кастинг өткізілді. Режиссер Абдель Фифтибаев пен продюсер Алмагүл Тілеуханова музыкалық мелодрама кейіпкерінің дауысымен ән салатын үздік үміткерді таңдамақ.

«Бойжеткен. Бәрі сол үшін» - Алматылық көше музыканты Дэнның романтикалық хикаясы. Ол Әнелді кездестіріп, қыздың жүрегін музыкамен жаулап алуды ұйғарады. Сол үшін Дэн рок-тобын жинап, ірі фестивальге қатыспақ.

Алмагүл Тілеуханованың айтуынша, фильмнің басты музыкалық шығармасы «Бойжеткен» әні болды.

«Кейбір қатысушылар, әсіресе түрлі ауданнан шыққан жігіттер жанды дауыстағы аудиожазбаларын жіберді. Тобымыз Дэнді сомдаған Ерболат Ержановтың тембріне ұқсайтын дауысты іздестіруде. Жақын арада үздік орындаушыны таңдаймыз. Содан кейін, саундтрек жазып, бейнебаян түсіреміз. Біз барлығын не үшін істеп жатырмыз? Біз жаңа жұлдыздарды жарыққа шығарғанды ұнатамыз! Сол үшін тобымыз қызу жұмыс атқарып жатыр», - деді продюсер.

Еске сала кетсек, жастар мелодрамасының түсірілімі 2017 жылы тамызда басталған. Картинада Әнелдің рөлін Әлия Наурызбаева, ал Дэннің досын Қуаныш Жылжақсынов, сонымен қатар Александр Галаев сомдайды.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

22 января 2018, 00:57

Еще одна романтичная история намечается. Надо обязательно посмотреть

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер